Негізгі бет  /  мақалалар  /  Рамзан Кадыров Сталинге лағнет айтты

Рамзан Кадыров Сталинге лағнет айтты

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
630
Рамзан Кадыров Сталинге лағнет айтты Шешенстан астанасы Грозныйда ел егемендігінің қалыптасуына орай салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиында шешен президенті Рамзан Кадыров сөз алып, шешен халқының 1944 жылы Қазақстанға депортациялануына орай, бауырлас мұсылман халқын қонақжайлылықпен қарсы алған қазақ халқының мейірбандығын ерекше атап өтті.

-«Біздің халқымыз қатыгездік пен ауыр зобалалаң жылдарды бастан өткерді. Бірақ қиын жағдайда жүріп  кедергілірді жеңді, барлық ауыртпалықтан езілген жоқ мойымады, қайсарлықпен қарсы тұрды. Депортацияның ауыр жылдарынан кейін өз отанының нығаюына көмек көрсетті. Бірақ Сталин жасаған зұлымдықты шешендер ешқашан ұмытпайды. Біз бүгінгі ұрпақ Сталинге лағнет айтамыз. Бірақ Шешен -Ингуш АССР -ін құрып, шешен халқын қайтадан өз отанына оралуына көмек берген Никита Хрущевке мың алғыс» , -деді Рамзан Кадыров.

Кезінде Хрущевке алғыс ретінде Грозныйдағы үлкен алаңның біріне оның есімі берілгені белгілі.

2016 жылы мемлекет қалыптасуының 72 жылдығына орай Рамзан Кадыров шешен халқына қысым көрсеткен Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияға да лағнет айтқан болатын.

Бірақ осы жолғы жиынға  Ингушетияның президенті  Юнус-Бек Евкуров те қатысып, Кеңес Одағы мемлекетін қалыптастыруда және Ұлы Отан соғысындағы жеңісте  Сталиннің ролі үлкен болғанын айта келіп, «ол шешен  халқының ғана емес, ингуштердің халық жауы болып саналады» деп ашық айтты.