Негізгі бет  /  мақалалар  /  2017 жылы 2,5 млн кісі қажылыққа барады

2017 жылы 2,5 млн кісі қажылыққа барады

Айқын-ақпарат
380
2017 жылы 2,5 млн кісі қажылыққа барады 2017 жылы Сауд Арабиясы қажылық кезінде 2,5 миллионнан астам адамды қажылыққа қабылдауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Әділ бен Зейд ат-Тарифи мәлімдеді. «Қажылар санын арттыруда, біз шетелден келетін қажылар санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл жақын арада әл-Харам мешітінде кеңейту жұмыстарына байланысты шектеулердің алынуына байланысты болуы да мүмкін»  деді ол.
Ресми деректер бойынша, 2016 жылы Сауд Арабиясына 1,862,909 адам қажылыққа барып қайтқан. Бұл соңғы 10 жылда қажылар ең аз барған жыл болып табылады. Сарапшылар Сауд органдары шетелдерге бұрынғы уақытта берген квоталарын қайта қалпына келтіруі мүмкін екенін айтты.

 

Muftyat.kz