Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өртенген пәтерден үй иесінің мүрдесі табылды

Өртенген пәтерден үй иесінің мүрдесі табылды

Айқын-ақпарат
472
Өртенген пәтерден үй иесінің мүрдесі табылды Алматыда көпқабатты үйдегі пәтер өртенді. Шұғыл хабарламаны қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова жеткізді.

«Әуезов ауданындағы 3-шағын аудандағы, 11 үй өртеніп жатқаны туралы хабар таңғы 5:53-те түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде үйден қалың қою түтін шығып жатты. Тілсіз жау ауыздықталған кезде жуынатын бөлмеден үй иесінің жансыз денесі табылған. 50 жастағы келіншектің басы ауыр жараланған екен», - деді ол.

Оқиға орнынан 20 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді. 

Тағы екі азамат құтқарылды. Олардың бірі 33 жастағы ер адам аурухананың токсикология бөліміне жеткізілді. Іс материалдары қалалық полицияға тапсырылды.

 

ҚазАқпарат