Негізгі бет  /  мақалалар  /  Обама биліктегі соңғы сөзін айтты

Обама биліктегі соңғы сөзін айтты

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
721
Обама биліктегі соңғы сөзін айтты АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама өзінің биліктегі соңғы қоштасу сөзін халыққа арнады.

Оның сөзі бүкіл елге онлайн-трансляция арқылы берілді. Өзінің Ақ үйдегі сегіз жылдық президенттік басқару тұсында Американың бұрынғыдан да алып империяға айналғанын айта келіп, Обама  әлемде АҚШ-қа қарсылас бола алатын елдердің жоқ екенін де айтты.

«Ресей мен Қытай біздің қарсыластарымыз болып саналғанымен, дәл АҚШ-тай бүкіл әлемге ықпалын жүргізе алмайды. АҚШ бүгінгі таңда қандай да бір кішкентай елге әлімжеттік жасап отырған жоқ, - деп мәлімдеді ол.

Ол  «Америка халқы қандай да бір үрейден қорықпауы керек, бірақ қандай жағдайға қарамастан, сергек және сақ әрі қауіпсіз жүруі тиіс» деп санайды. Барак Обама сыртқы қауіп-қатерде « Ислам мемлекеті» ұйымы содырларының әрекетін әшкерелей келіп, «олар жазықсыз адамдардың қанын төгуде, бірақ олар Американы қорқыта алмайды»,-  деп мәлімдеді.

-«Соңғы ондаған жылдар ішінде АҚШ-тың арнайы барлау қызметі мыңдаған лаңкестердің көзін жойды.  Содырлармен  күрестегі әлемді біріктірген біздің одақ олардың басшысын құртты.  Лаңкестердің лидері бен Ладен де біздің барлаушылар дың арқасында оққа ұшты. Жақын уақыттарда «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларын да жоятын боламыз», - деді Барак Обама.

Жұртшылыққа сөзін арнаған Ақ үйдің басшысы «Біз Америка демократиясын қалпына келтіру керекпіз. Өйткені біздің демократияға қауіп төніп тұр. Америкалық  құндылықтарды халық қандай партияда болуына қарамастан, бағалай білуі қажет. Әсіресе, сайлау кезінде халықтың оған аз қатысуы жағдайды күрделендіріп жібереді. Мұны біздің сыртқы жауларымыз тиімді пайдаланады. Сондықтан кез келген мәселеге сергек қарауымыз керек. Мен кезінде Джордж Буштан қалыпты жағдайда билікті қабылдап алдым. Енді он күннен кейін бүкіл ғалам біздің әкімшіліктің билікті  Трампқа қалай өткізетінен көретін болады», - деді ол.