Негізгі бет  /  мақалалар  /  48 құрама: сан бар, сапа бола ма?

48 құрама: сан бар, сапа бола ма?

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ
302
48 құрама: сан бар, сапа бола ма? Statsport.kz порталы бұған дейін де ФИФА жасауы мүмкін өзгеріс туралы жазған еді. Арада 3 ай өткенде бұл шешім нақтыланды: енді 2026 жылдан бастап әлем чемпионатында 48 құрама ойнайтын болды.

Жарыс форматы мынадай болмақ: 48 құрама 16 топқа үш-үштен бөлінеді. Әр топтан нәтижесі жақсы 2 құрама плей-офф кезеңіне шығады. Топтық турнирде тең ойындар тіпті алынып тасталуы ғажап емес, өйткені, жеңімпазды анықтау үшін қосымша көрсеткіштер де жеткілікті болмай қалуы мүмкін.

Қазір 32 финалист барлығы 64 ойын өткізіп жүрген болса, 48 құрама 80 кездесу өткізеді. Бірақ финалға шыққан командалар үшін ойын саны бұрынғыдай болып қала береді, олар барлығы 7 кездесу өткізеді. Жарыс бір күнге ұзарады, яғни, 32 күн ішінде өтіп бітеді.

Әрине, ФИФА пайданың көбірек болуын нысанаға алып отыр. Бірақ кәнігі жанкүйерлер енді финалдық кезеңге шөп те, шөңге де шығып кетуі мүмкін екенінен секемденеді. 

«Әлем чемпионаты. Топтық турнир. Тайланд — Сент-Киттис» деген жарнама қалай? Жақсы ма?