Негізгі бет  /  мақалалар  /  Белсенділер ашықтықты қалайды

Белсенділер ашықтықты қалайды

Ерман ӘБДИЕВ
1082
Белсенділер ашықтықты қалайды

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №30 «№7 Қалалық емханасы» бастауыш партия ұйымында кезекті дөңгелек үстел өтіп, онда партия белсен­ділері Ұлт жоспарының бағыттары мен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің Этика кодексінің нормаларын сақтау қағидалары талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымы­ның төрайымы Динара Сарсенова хабар­лама жасады. Сондай-ақ партия мүшесі Әлия Шатаева жастар арасында пат­риоттық тәрбиенің басымдығы жайында сөз қозғаса, Рахат Аймұрзаева партия мү­ше­лері халық пен билік арасындағы ал­тын көпір болып отырғандығын алға тартты.
– Бүгінгі жастар аға буыннан үлгі алады. Сондықтан ұлттық құндылық­тарымызды бағалайтын, салт-дәстүрі­мізге үлкен құрметпен қарайтын ұрпақты тәрбиелеуде партия мүшелерінің бел­сенділігі басым болуы керек. Этика кодексі әрбір азаматты тазалыққа, шы­найылыққа, ашықтыққа жетеуі керек, – дейді Әлия Өзбекқызы.