Негізгі бет  /  мақалалар  /  Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы талқыланды

Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы талқыланды

Айқын-ақпарат
1262
Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы талқыланды «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық филиалында қалалық филиалдың кезектен тыс өтетін ХХХ конференциясын өткізу мәселесіне арналған Саяси кеңес бюросының мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында партия филиалының 2016 жылы атқарған жұмыстарына шолу жасалып, «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланды.

 Бюро мәжілісінің жүргізген «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Алмасбек Темірбаев өткен жыл еліміз үшін жемісті жыл болғанын айта келіп, «Нұр Отан» партиясы әрқашан алда болғанын атап өтті. – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Нұр Отан» партиясына мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуымен, құрылыстардың сапалы жүргізілуіне бақылауды жүктеген бола­тын. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, құрылыстың уақытылы бітуін қадағалау және сапасын бақылау бойын­ша комиссия тиянақты жұмыс атқарып, құрылыс нысаны уақытылы халық игі­лігіне тапсырылды, – деп нақ­ты мы­салдар келтірді. Сондай-ақ Ал­масбек Темірбаев партиялық жобаларды жүзеге асыру және «Жас Отан» Жастар қана­тының жұмысы туралы толыққанды мәлімет берді. Бюро мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Үмбет Жүсіпбаевтың айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысының үрдісін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан жоба екен айтты. – Тікелей Елбасы­мыз­дың бастамасымен бастау алған «Нұрлы жер» бағдарламасын талқылау «Нұр Отан» партиясының жұмысының ха­лық­­пен тығыз байланысын білдіреді. Бү­гінгі таңда барлық бастауыш партия ұйым­дарында жобаны талқыладық. Жыл сайын шамамен 40 мың, оның ішін­­де облыс орталықтарында 10 мың және ауылдарда 30 мың жеке үйді пай­далануға беру жоспарланып отыр, – деп сөзін қорытындылады. Саяси кеңес бюро мәжілісінде ХХХ конференцияның күн тәртібі бекітіліп, қаулы қабылданды.