Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мықтылар марапатталды

Мықтылар марапатталды

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
293
Мықтылар марапатталды Швейцарияның Цюрих қаласында ФИФА The Best сыйлығының лауреаттары марапатталды. Спорт және басқа да сала жұлдыздарының қатысуымен өткен осы шара барысында төменде есімдері аталған ойыншылар мынадай аталымдар бойынша жеңімпаз атанды:

Жыл футболшысы (ерлер) – Криштиану Роналду («Реал», Португалия құрамасы).
Жыл футболшысы (әйелдер) – Карли Ллойд («Хьюстон Дэш», АҚШ құрамасы).
Жыл бапкері (ерлер) – Клаудио Раньери («Лестер Сити»).
Жыл бапкері (әйелдер) – Сильвия Нейд (Германия құрамасы).
Fair Play – «Атлетико Насьональ» (Колумбия).
Ференц Пушкаш атындағы сыйлық – Мохд Фаиз Субри («Пенанг», Малайзия).
«Жыл фанаттары» – Дортмундтың «Боруссия» және «Ливерпуль» клубтарының жанкүйерлері.
«Керемет карьерасы үшін» жүлдесі – Алессандро Роза Виейра (Фалькао) («Бразил Кирин», футзалдан Бразилия құрамасы)
Жыл құрамасы – Мануэль Нойер («Бавария») – Дани Алвеш («Ювентус»), Жерар Пике («Барселона»), Серхио Рамос («Реал»), Марсело («Реал»), Лука Модрич («Реал»), Тони Кроос («Реал»), Андрес Иньеста («Барселона»), Лионель Месси («Барселона»), Криштиану Роналду («Реал»), Луис Суарес («Барселона»).