Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Hollywood» - ты өзгерткен қылмыскер ұсталды

«Hollywood» - ты өзгерткен қылмыскер ұсталды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
418
«Hollywood»  -  ты өзгерткен қылмыскер ұсталды Біз бұған дейін «Айқын» газетінің сайтында тау шатқалында бүкіл қалаға көрініп тұратын атақты «Hollywood» жазуын өзгертіп кеткен қылмыскер туралы жазған болатынбыз.

Оның орнына қылмыскерлер «Hollyweed» деп жазып кеткен. Бұл «қасиетті марихуана» деген сықылды мағынаны білдіреді екен. 

Қаланың полиция өкілдері аталған жазудың маңайында қараңдап жүрген адамдарды бейнекамера арқылы байқаған. Бірақ ешкім мән бермеген. Кылмыскер екі әріпті өзгертіп кеткен. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық тергеу амалдары жүргізілді.  Оқыс оқиға орын алғаннан кейін қала аймағында есепте тұратын нашақорлар толық тексеріліп, олардан жауап алынды. Калифорния штатының Лос-Анджелестегі тау шатқалындағы атақты «Hollywood» жазуы жарнама ретінде ең алғаш рет 1923 жылы ілінген болатын. Бұл АҚШ киноиндустриясының бренді ретінде дүние жүзіне танылды. Енді міне 93 жылдан кейін бірнеше сағатта «қасиетті марихуана» ұғымына айналып кеткен атақты жазу қайтадан өзгертілді.

Ал «Hollywood» жазуын «Hollyweed» - ке айналдырып жіберген қылмыскер ақыры ұсталды. Ол қорғаушысымен бірге келіп, полицияға өз еркімен берілді. Құқық қорғау органдары екі сағаттан кейін кепілдікке 1000 доллар берген қылмыскерді қайтадан босатып жіберді.