Негізгі бет  /  мақалалар  /  6 баланың анасы табылмай жатыр

6 баланың анасы табылмай жатыр

Айқын-ақпарат
480
6 баланың анасы табылмай жатыр Жақында Фейсбуктағы «Талдыкорганец» парақшасында «Әке-шешенің қарауынсыз қалған балаларға көмек керек» деген хабар тарады.

Осыған орай, мекенжайы мен байланыс нөмірі көрсетілген жерге Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері барып, мәселенің мән-жайын анықтаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлгі мекенжайда Кәмила Қалиева атты зейнет жасындағы кейуана 6 бірдей балаға бас-көз болып отыр екен. Оның айтуынша, балалардың ата-анасы жұмыс іздеп 16 желтоқсан күні Алматыға кеткен. Үш күннен соң ұлы жұмыс жоқ деп қайтып келген, ал келіні сол күйі оралмаған. Хабар-ошарсыз. Осыған байланысты балалардың анасына іздеу жарияланып отыр.



null 

Айта кетерлігі, балалардың үлкені 2004 жылғы, ал ең кішісі 2012 жылы дүниеге келген. Отбасы 10 мың теңгеге екі бөлмелі баспананы жалдап тұрады. Үйде отын да, көмір де жоқ. Мұның бәрін өз көзімен көрген Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тұтыбаев тиісті мекемелерге тапсырма беріп, отын-көмір жеткізді. Сондай-ақ, үйге азық-түлік, балаларға төсек жабдықтары мен жылы киім-кешек берілді.



null 

«Мен ешкімнен көмек сұрамаған едім. Бірақ балалар үшін қайырымдылық жасап жатқан жандарға алғыс айтамын. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын», - дейді балаларға қарап отырған қарт Кәмила Қалиева.



null 

Балалар да анасын сағынған. «Мамам жұмыс істеймін деп кеткен. Әлі жоқ. Біз оны қатты сағындық. Тезірек үйге келсінші», - дейді 2008 жылы туған Арнай Әділетұлы.

Отбасының жағдайы Талдықорған қаласы әкімдігінің тікелей бақылауына алынды. Балалардың төртеуі Талдықорған қаласындағы № 25 мектепте оқып жатыр. Олар мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылған. «Мектепке жол» акциясы бойынша киімдермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген.



null