АҚШ-тағы ең танымал алып ағаш құлады
Айқын-ақпарат
1651

Ағашты соңғы он жылда болмаған дауыл сұлатып кеткен. Туннель ағаш аталып кеткен секвойаның жасы бір мың жылдан асатын.
Өткен демалыс күндері Калифорния мен Невадаға қар аралас жауын мөлшерден көп жауып көптеген ағаштың құлауына және су басуға себепші болды.
Секвойа діңінде көлік өтетін қуыс 1980 жылы алып ағаштар өсетін Калаверас саябағына туристер тарту үшін жасалған.
Ағаштың құлап қалғаны жөніндегі суретті саябақ әкімшілігінің Фейсбуктағы парақшасында ерікті Джим Олдей жариялады.
Алып секвойа ағаштары Калифорнияда Сьерра-Невада тау беткейлерінде өседі, олардың ұзындығы 70 метрден асып жығылады.