Негізгі бет  /  мақалалар  /  Елу жастағыларға ескерту

Елу жастағыларға ескерту

Жолдасбек Дуанабай
624
Елу жастағыларға ескерту «Елу ердің жасы» дейді халқымыз. Бұл жасқа жету де оңай емес. Жеткен соң күтіну кезеңі басталатындығы жадыңызда жүрсін. Әсіресе дұрыс тамақтанудың пайдасы шексіз. Өйткені елу жастан соң кейбір тағамдардың пайдасынан гөрі зияны басым болады.

Мәселен сіз қан қысымын түсіретін, антидепрессанттар, ұйықтататын дәрі-дәрмек ішіп жүрсеңіз грейпфруттар олармен реакцияға түсіп, дертіңізге дерт қосады. Грейпфрут С витамині мен калиге өте бай. 
Егер сіздің тісіңіз үгітілуге бейім болса қаттылау көкөністер жеуден бас тартыңыз. Оларды сұйық қайнаған тамақпен немесе суға пісірілген күйінде жеген тиімді.  
Түйебұршақты көп адам ұнатпайды. Өйткені ол жел бітіреді, ішті ауыртуы да мүмкін.  Алайда бұршақ тұқымдас өнімдер жасушаларға бірден бір ем, майы да аз. Сондықтан оны ептеп жеп үйрену керек. 
Ішімдік  бірінші жау. Ол адамды ұйықтатқанымен, сергек тұруға кедергі келтіреді. Қан қысымын көтереді. Сусамырмен ауыратындарда гипогликемию пайда болады. Жасқа орай ішетін дәрі-дәрмектер де көбеюі мүмкін. Ондай кездері арақ-шарап ішу - өте қауіпті. 
Кофеин  бұл психостимулятор, адамға түрліше әсер етеді. Ол жүрек соғуына ықпат етуі, ұйқыны бұзып, мазаны алуы мүмкін. 
Ет  белок пен майдың көзі. Қуырылған етті жеу қиындау. Сондықтан адамдар жұмсақ еті бар «фаст фуд» жеуге әуес. Гамбургерлерде  20-30% май болады. Ал етте ол 10% қана. Бұл екі қиындықтан құтылу жолы майдалап туралған ет жеу.  
Қырықтан асқан соң тұздан бас тарту керек. Ағзада тұздың көптігі денеде сұйықтықтың таралуын тежейді, күретамырдың қысымын арттырады, инфаркт пен инсульттың пайда болуына жол ашады. 
Шыршагүлдер қатарына жататын түрлі-түсті қырыққабат,  брокколи және басқа да өнімдер іште газ жинағанымен,  С витаминіне, бета-каротин, темірге бай. Бұлар  онкологиялық ауруларды азайтады. 
Ең тиімдісі жағымды асты уақытында  ішіп дағдыланған жөн.