Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шаршамауға шамаңыз жетеді

Шаршамауға шамаңыз жетеді

Жолдасбек Дуанабай
349
Шаршамауға шамаңыз жетеді Шаршау адам атаулығы тән құбылыс. Әсіресе жасына жас қосылған сайын адамның қуаты азаятыны анық.

 Өкінішке қарай қазір жастардың арасында да мауыжырап жүретіндері жеткілікті. Бұл енді ұйқының қанбауынан, қалта телефондарынан болатын қасірет. Сондықтан әр кісіге иммунитетін көтеріп, жүйкесін нығайту аса қажет. Ендеше мына кеңестер үнемі жадыңызда жүрсін! 
1. Бір стақан тазаланған грек жаңғағын алыңыз да оған езілген лимон мен сұйық бал қосыңыз.  Бұл асты тоңазытқышта сақтаңыз. Дайын тағамды шай қасықпен күніне үш мезгіл екі апта бойына ішкен дұрыс. 
2. Жаңа жүзім шырынының да пайдасы шексіз. Оны күнделікті шай қасықпен екі мезгіл өзіңізді сергек сезінгенше ішіңіз.  
3. Қарағайдың қылқаны да шаршағанды тез басатын дәрумен. Оны жинап алған соң жақсылап жуады. Духовкада 15 минут кептіреді. Екі қасық  қылқанды 200 мл суға салып, баяу оттың астында жарты сағат қайнатады.  Оған үш қасық бал салып, бір сағат бүркеп қойған жөн. Сусынды 10 күн бойына жатар алдында бір стақаннан ішу  қажет. 
4. Ежелгі өте жақсы тәсіл  сүт ішу. 200 мл сүтке 1 стақан  бал және 0,5 стақан түймедақ гүлін қосып қайнатады. Жақсылап шайқап, суыған соң жатар алдында ішу керек. 
5. Иммунитетті көтеру үшін, әсіресе ерлерге асқабақ дәні,  бал мен екі қасық коньяк қосылған сұйықтық даярлау керек. Оны күніне үш мезгіл  бір қасықтан үш апта ішкен жөн.