Негізгі бет  /  мақалалар  /  Криштиану Роналду үздік футболшы атанды

Криштиану Роналду үздік футболшы атанды

Айқын-ақпарат
1089
Криштиану Роналду үздік футболшы атанды ФИФА әлемнің үздік футболшысын анықтады. Ұлттық құрамалардың бапкерлері, капитандары және журналистердің дауыс беруінің қорытындысы бойынша португалиялық Криштиану Роналду жеңіске жетті

ФИФА осымен үшінші рет Роналдуды әлемнің үздігі деп танып отыр. Ол бұған дейін 2013 және 2014 жылдары марапатталған болатын.

Роналду дауыс берудің финалдық кезеңінде аргентиналық Лионель Месси мен француз Антуан Гризманды басып озды.

Ал әйелдер арасында үздік ойыншы америкалық Карли Ллойд («Хьюстон Дэш») атанды.

Роналду желтоқсанда France Football журналының тұжырымы бойынша «Алтын допты» жеңіп алған еді. «Реал Мадрид» шабуылшысы бұл маусымда 54 ойын өткізіп, 51 гол соққан. Әріптестеріне 18 нәтижелі пас шығарған.

Португалия құрамасының капитаны алғаш рет Еуропа чемпионы атанды. Франция жерінде ол 3 гол соқты. Сондай-ақ «Реалмен» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

 

Бек ТӨЛЕУОВ

Baq.kz