Nokia 6 смартфоны таныстырылды
Айқын-ақпарат
1611

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Nokia 6 Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Жаңа смартфон тек Қытай нарығында сатылады. Оның құны 1699 юань (шамамен 72 мың теңге) тұрады.
HMD Global компаниясының мәліметінше, Қытай «стратегиялық маңызды нарық» болғандықтан жаңа смартфонды осы елде сатуға шешім қабылданған.
HMD Global Бас директоры Арто Нумелланың айтуынша, компания Apple, Samsung және өзге де компаниялар тарапынан қатаң бәсекелестік бар екеніне қарамастан, басты смартфон өндірушілердің біріне айналуға ұмтылады.