Негізгі бет  /  мақалалар  /  10 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

10 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
462
10 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал Бүгінге жұлдыздар не болжапты?

Тоқты

Үлкен жұмысқа дайын болыңыз. Көп қаражат жұмсауыңыз мүмкін. Бірақ, соңы ұтымды пайдамен аяқталады. Көпшілікте мінезіңізді көрсетпеңіз!

Торпақ

Туыстарыңыздың көмегімен қолға алған ісіңізді аяғына жеткізесіз. Күтпеген жерден пайдалы ұсыныстар түсуі мүмкін. Барлық мүмкіндікті құр жібермеуге тырысыңыз!

Егіздер

Бүгін маңызды кездесу мен романтикалық кештер болады. Жолда жүргенде абай болыңыз. Көптен бері шешімін таппай жүрген проблемадан арыласыз!

Шаян

Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Жолға шығуды жоспарламаңыз!

Арыстан

Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алаяқтардан сақтаныңыз! Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қандай қиындыққа да мойымай еңбек етсеңіз, өз жемісін береді.

Бикеш

Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін қолдан келгеннен аянып қалмаңыз. Қызғаншақтардың кесірінен зардап шегуден сақ болыңыз. Шектен тыс сабырсыздық сізге пайда əкелмейді.

Таразы

Өмірдің жақсылығында да, жамандығында да тек өз тапқырлығыңызға жүгініңіз. Бір аптаға арналған жұмысты алдын-ала жоспарлап қойыңыз. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұрттың қаңқу сөзіне мəн бермеңіз.

Сарышаян

Үйдің бар тіршілігін өз мойныңызға жүртей бермей, отбасы мүшелерімен бөлісіп алыңыз. Жоспарлаған істеріңіз аяқ астынан өзгеруі мүмкін, оған бола абыржымаңыз. Бір шаруалармен жолға шығуыңыз мүмкін.

Мерген

Қамқорлығыңызға мұқтаж адамдарға көмек қолын созудан аянып қалмаңыз. Əр нəрсені көңіліңізге алып, босқа денсаулығыңызды құртып алмауға тырысыңыз.

Тауешкі

Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін болашаққа деген жоспарларыңызды құрып, алға ұмтылуға қолайлы уақыт. Жіберген қателіктеріңізді ретке келтіріп, өзіңіз ренжіткен адамдарыңыздан кешірім сұрағаныңыз абзал.

Балықтар

Бүгін алда күтіп тұрған қиындықтарға дайын болыңыз. Барынша ақшаңызға сақтықпен қарағыныңыз абзал. Кей адамдармен көзқарастарыңыз келіспей тұрса да сыйластықты жоғалтпауға тырысыңыз.

 

 

Baq.kz