Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қатарынан екі рет ұтылдық

Қатарынан екі рет ұтылдық

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
1208
Қатарынан екі рет ұтылдық Осының алдында ғана қатарынан үш ойында жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантқан Астананың «Барыс» клубы соңғы екі бәсекеде жеңіліс тауып, жарыс кестесіндегі жағдайын біраз нашарлатып алды.

Бір өкініштісі, бұл кездесулердің екеуі ­де Астанада өткен еді. Алғашында «Барыс» Қара теңіз жағалауынан келген «Сочиден» 0:4 есебімен ойсы­рай ұтыл­ды. Одан кейін Төменгі Нов­го­род­тың «Торпедо» клубына есе жіберді. Негізі бұл матч өте шиеленісті өтті. Бірінші кезеңнің басында қонақ­тар есеп ашты. Содан кейін 35 минут бойы қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмай, қара терге әбден малшынды. 40 минутта Эштон Картер екінші шайбаны салса, көп ұзамай Дастин Бойд есеп айырма­шылығын қысқартты. Содан кейін таразы басын теңестіру үшін айын иелері қақпашы Кевин Пуленді алтын­шы ойыншымен алмастырды. Бірақ бұл жолы да бәрі керсінше болды. Бәсекенің аяқ­талуына санаулы секунд­тар қал­ғанда Картер бос қақпаны дәл көздеп, кез­десу­дің соңғы нүктесін қойды. Қоры­тын­ды есеп – 1:3. 
Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты бірін­шіліктің жарыс кестесінде 15 орынды иеленуде. Осы күнге дейін 47 кездесу өткізген жерлестеріміз 68 ұпай иеленуде. Келесі екі бәсекені аста­налық хоккей­шілер сыртта өткі­зеді. Атап айтсақ, ертең Загребтің «Мед­вешчак» клубымен күш сынассақ, 13 қаңтарда Братис­ла­ваның «Слованына» қарсы ойнаймыз. 

Дайындаған 
Ғалым СҮЛЕЙМЕН