Негізгі бет  /  мақалалар  /  Максимович «Валенсияда» ойнайды

Максимович «Валенсияда» ойнайды

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
1803
Максимович «Валенсияда» ойнайды Бұл күндері «Астана» клубының сапында өнер көрсетіп жүрген 21 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Неманья Максимович 2022 жылдың маусым айына дейін Испанияның «Валенсия» клубымен келісімшартқа отырды.

Қазақстанға келгелі бері Не­манья Максимовичтің керемет өнер көрсеткені еш күмән туғызбайды. Оның физикалық және техникалық даярлығы майталман мамандар тарапынан аса жоғары бағалануда. Бұл ойыншының асқан шеберлігі және басқа да артықшылығы жа­йын­да да жиі айтылып та, жазылып та жүрді. Осы күнге дейін Сер­бияның сайып­қыранын Италия­ның – «Ювен­­тус», «Милан», «Рома», «Тори­но», «Интер», «Дже­ноа», Испа­нияның – «Севилья», Анг­лияның – «Манчестер Юнай­тед» пен «Вест Хэм», Фран­ция­ның – «Марсель», «Лион», «Нант», «Мона­ко», Ресейдің – «Спартак» және Германия мен Швейцарияның бірқатар белді командалары өз қата­рынан көргісі келетіндері туралы түрлі әңгімелер өрбіген еді. Нәти­жесінде, футбол­шының таңдауы Испанияның «Вален­сия­­сына» түсті. 
Валенсия – Испания футбо­лындағы белді клубтардың бірі. 1919 жылы іргетасы қаланған бұл клуб, екі рет Чемпиондар лигасының ақтық сынына дейін алқынбай жетті (2000, 2001), екі мәрте УЕФА суперкубогын иеленді (1980, 2004), Еуропа лигасын ұтты (2003/2004), Кубок иегерлері кубогын олжалады (1978/1980) және Интертото кубогы жолындағы жарыста жеңімпаз атанды (1998). «Жар­ғанаттар» Испания чемпио­натында 6 рет бас жүлдені олжалап, 6 рет күміс медальді мойын­дарына ілді. Өз елінің кубогын 7 мәрте иемденді. Міне, қысқаша қайырсақ «Ва­лен­сияның» қол жеткіз­ген та­быстары осындай. Кезінде бұл коман­даның сапында Ромарио, Эду, Дидье Дешам, Олег Саленко, Патрик Клюйверт, Давид Вилья және тағы да басқа жұлдыздар жасындай жар­қырады.