Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жанды баураған романс

Жанды баураған романс

Айқын-ақпарат
459
Жанды баураған романс 19 қаңтарда «Астана опера» театрында талантты әншілер мен аспапшылар өнер көрсетеді.

«Жанды баураған романс» циклі бойынша қазақ және орыс клас­сиктерінің шығармасын қамтыған бірнеше концерттік бағдарлама жұртшылық назарына ұсынылады. Кеш танымал әнші Елена Ганжаның орындауындағы П.Баториннің «Вечер у камина» романсынан бастау алады. Елена Низамутдинова, Татьяна Вицинская, Байғали Момбеков, Ерұлан Кәмел, Алмат Ізбәмбетов, Ермек Берімжанов, Біржан Өтеулиев, Алмаз Тоқпанов, Нұрлан Шауханов сияқты әншілер П.Чайковский, С.Рах­манинов, А.Рубинштейн, А.Дар­гомыжский, Б.Шереметьев және басқа да композиторлардың шы­ғармаларын тарту етеді. Қазақ романстары Алмат Ізбәмбетов пен Ерұлан Кәмелдің репертуарында шырқалады. Сонымен қатар бағдарламаға көпшілік сүйіп тыңдайтын Е.Рахмадиевтің «Таң са­малы» туындысы енді. Скрипка­шылар ансамблі камералық музыка, соның ішінде Г.Свиридов, А.Хачатурян және басқа авторлардың шығармасын ойнайды.
Асқар Мұқанов (виолончель), Әліби Асақаев (гитара), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Біржан Өтеулиев (альт), Раушан Бескемпірова (фор­тепиано) кештің романтикалық атмос­ферасын қанықтыра түседі. Сондай-ақ А.Рубинштейннің «Түн» романсын алғаш рет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалия Байғазинова орындайды. Концертті музыкатанушы Сәуле Мәулетова жүргізеді. 

Әмірлан МӘУЛЕН