«Нұрлы жер» бағдарламасы талқыланды

Қостанайдың Федоров ауданында өткізілген Құқықтық білім беру мектебінің шеңберінде «Нұр Отан» партиясы» аудандық филиалы мемлекеттік органдарының басшылар мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен тұрғын үй құрылысына бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасын таныстыру және талқылау семинарын өткізді.
Семинар барысында «Нұр Отан» партиясы Федоров аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Рамиль Валеев бағдарламаның негізгі бағыттары мен ісе асыру механизмдерін түсіндіріп берді. Семинарға қатысушылар бағдарламаның негізгі бағдарларын талқылады. Атап айтқанда, қатысушылар сатып алынбайтын және сатып алынатын тұрғын үйді алуға өтініш білдірген азаматтардың санаттары, ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемелерін және инфрақұрылымды тарту механизмдері жайында сұрақ қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Семинардың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін спикерлер тобын дайындау және бағдарламаны талқылау барысында туындаған сұрақтарды кейін ұсыныс ретінде партияның Орталық аппаратына жіберу туралы шешім қабылдады.