Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жастар ардагерлерге қолғабыс көрсетеді

Жастар ардагерлерге қолғабыс көрсетеді

Айқын-ақпарат
1068
Жастар ардагерлерге қолғабыс көрсетеді «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық белсенділері мен еріктілері «Жастар – Отанға» жобасы аясында үнемі ардагерлердің үйлеріне барып, жағдайларымен танысып, көмек көрсетуде.

Жасотандықтар қарияларды әрқашан қамқорлыққа алуды өздерінің бұлжымас па­рызы деп санайды. Жасотандық белсен­ді­лер ай сайын тұрақты түрде ардагерлердің қыс­ты күні ауласын қардан тазартып, үй­ле­рін жиыстырып, қажет болғанда дүкен­нен азық-түліктерін әкеліп беріп, жан-жақ­ты жәрдем көрсетеді. «Жас Отан» бел­сенділері 32 Ұлы Отан соғысының ар­да­гері мен 20 тыл еңбеккерінің үйлерін ара­лады. «Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық фи­лиалының жетекшісі Айдана Сыдықова мұн­дай ізгілікті істер әрбір жас өркеннің қо­лынан келетін шаруа және аға ұрпақтың кө­мекке мұқтаж барлық өкілі осындай қам­қорлықта болуы керек деп санайды. «Біз қаладағы әрбір соғыс ардагерін тікелей жас­тар қамқорлығына алып, жасо­тан­дық­тар тарапынан жауапты тұлғаларды бекітіп қой­дық. Сондықтан бұл іс бір күндік шара емес, тұрақты жүргізілетін және жос­па­ры­мыздағы ең маңызды акцияның бірі» де­ді ол. Мысалы, ардагерлермен тілдесу ба­ры­сында қызықты тарихи жағдайларға қа­нығып, өткен соғыстың беймәлім жақ­та­р­ы­мен танысу мүмкіндігі туды. Солардың бірі – Борис Багаев ақсақал өзінің 1926 жы­лы Сібірдегі Моряковка ауылында дү­ниеге келіп, 17 жасында 1944 жылы 3 нау­рыз­да соғысқа өз еркімен аттанғанын ай­тып берді. Қызыл армияның үздік жауын­­­гері ре­тінде соғыстан кейін Алматыдағы әскери училищені бітірген соң, ұзақ уақыт шекара бойында қызмет еткен ол зейнетке шық­қан­нан кейін, сүйікті қаласына қайтып ора­лыпты. Ерлік қасиеті үшін ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені мен «Әскери қыз­меті үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Мем­лекеттік шекара күзетінің үздігі» ме­дальдарымен марапатталды. Бүгінде кә­рі­лікке бой бермеген қария әлі де тың еке­нін бай­қатты. «Балаларымның іздеп келгеніне шын жүректен ризамын. Еліміздің ертеңгі болашағы осылар ғой. Сендер аман-сау бо­­лыңдар, әрқашан жақсы оқып, білім алу­ға тырысыңдар. Ендігі заман тек білім­ділер мен зияткер күштілердің заманы бо­лайын деп тұр. Сондай бәсекелестікте әр­қашан абыройларың озып тұрсын!» деп Бо­рис Багаев батасын берді.