Негізгі бет  /  мақалалар  /  Авто жолымыз айнадай болады

Авто жолымыз айнадай болады

Айқын-ақпарат
994
Авто жолымыз айнадай болады «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» комиссиясының көшпелі отырысы «Астана – Теміртау» тас жолының орталық-оңтүстік бағытындағы авто жолдың қайта жөнделіп жатқан жерінде өтті.

Комиссияның көшпелі отырысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен депутаттық фракция мүшелері, «Қазавтожол» ҰК АҚ және «Иврус» ЖШС өкілдері қатысты. «Орталық – Оңтүстік» бағыты бойынша «Астана – Теміртау» тас жолының Ақмола облысында өтетін бөлігі 76 шақырымды құрайды. Бұл аралыққа 56,3 млрд теңге бөлінген. Жоба 2013 – 2017 жылдар аралығында жүзеге асу керек. Аталған жобаға Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын облыстық және аудандық партиялық комиссиясының үнемі бақылауында. Аталған жоба бойынша  2 деңгейден тұратын 7 жолайрығын, темір жол бойынан өтетін 1 желі және 4 көпір мен 40 су құбырларын салу қарастырылған. 2016 жылы 52 шақырым бетон төселіп, 29 шақырым асфальт төселген. Халықтың үзіліссіз әрі апатсыз жүруін қамтамасыз ету мақсатында басты жолдың төрт жолағын ашып, қозғалыс жүргізілген. Қазіргі уақытта тас жолдың бойын абаттандыру мен жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары  жүргізіліп жатыр екен. Аталған екі учаске бойынша 530 жол құрылыс техникасы мен 800-ден астам адам жұмыспен қамтамасыз етілген. 2016 жылы нақты игерілген қаражат 21,3 млрд теңгені құрайды деп есеп берді «Қазавтожол» ҰҚ АҚ бастығының орынбасары Нұралы Тойымбетов.  Комиссия мүшелері жобаның мерзімінде әрі уақытында жүзеге асыруын нақтылап тапсырып, Елбасының халыққа арнаған Жолдауында республикалық маңызы бар Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс және Орталық – Батыс авто жолдарының қайта жандандыруына ерекше атап өткендігін айтты.