Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қалаулылар құрылысшылармен кездесті

Қалаулылар құрылысшылармен кездесті

Айқын-ақпарат
985
Қалаулылар құрылысшылармен кездесті Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Фахриддин Қаратаев пен Мұхтар Ерман аймақтарға сапар кезінде Тараз қаласындағы «БиномСтройдеталь» тұрғын үй құрылыс жабдықтарын жасау кәсіпорнында болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­масымен қолға алынған «Қолжетімді бас­пана – 2020» бағдарламасының жер­гі­лік­ті жерде жүзеге асуына кәсіпорынның қо­сып отырған үлесі қомақты. Былтыр Та­раз қаласында осы кәсіпорын құры­лыс­шы­лары 12 мың шаршы метр тұрғын үй са­л­ып, ел игілігіне ұсынған. Комбинат биыл­ғы жылы 30 мың шаршы метр тұрғын үй салуды көздеп отыр. Бұл ретте аудан ор­талықтарына да көпқабатты тұрғын үй­лер салынатын болады. Халық қалау­лы­ла­рын мұндағы жұмыс барысымен кәсіпорын директоры Кеңесхан Аралбаев таныстыр­ды. Депутаттар су шаруашылығына қажетті науалар, іргетас блоктар, үй құрлысына қа­жетті жабдықтарды көзімен көріп, отан­дық өнімдерге көңілі толатынын жеткізді. Ха­лық қалаулысы Фахриддин Әбдінәбиұлы өзімізде шығарылған әр отандық өнім үл­кен жетістік екенін айтса, депутат Мұхтар Ерман «Нұрлы жер» бағдарламасының жү­зеге асырылуына тоқталып, құрылыс салуға бөлінген жердің инфрақұрылымы талапқа сай болуы қажеттігіне ерекше тоқ­талды. Халық қалаулылары комбинат жұ­мыс­шыларымен де ашық жарқын, еркін әң­гіме өткізді. ҚР Парламент Мәжілісі ап­паратының баспасөз қызметінің мә­ліметінше, мұнда 125 адам еңбек етсе, олар­дың орташа жалақылары 85-90 мың тең­ге көлемінде. Халық қалаулылары «Би­ном» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тес­тігі­нің орталық ғимаратында да болды. Сон­дай-ақ олар Айша бибі кесенесін, Қарой ауылындағы «Нұр әлім» жекеменшік бала­бақ­шасын, Полатқосшы ауылындағы «Бер­санукаев» ЖШС-ның шұжық цехын ара­лап, жұмыс барысымен танысып, қа­рапайым тұрғындарды толғандырып жүр­ген мәселелерге назар аударды. Депутат Фах­риддин Қаратаев мұндай кездесулерде ай­тылған әр ұсыныс құнды екенін, әр тұр­ғынның пікірін Мәжіліс мінберінен ше­шу­ге күш салатындарын айтты.