Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өндіріс ошағын аралады

Өндіріс ошағын аралады

Айқын-ақпарат
1202
Өндіріс ошағын аралады «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшелері Мейрам Пішембаев, Арман Қожахметов, Нұрлан Әбдіров, Айгүл Нұркина, Жанат Омарбекова мен Ирина Унжакова «УПНК-ПВ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.

Халықаралық стандарттарға сай өнім шы­ғаратын зауыт «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Жаңа өндіріс ошағының ерекшелігі кәсі­по­рын қалдықсыз технология бойынша жұ­мыс істейді. Яғни, өндірістік үрдістер ба­рысында электр энергиясын және гипс ма­териалдарын өндіруге мүмкіндік туады. Бұл бірінші кезекте – қосымша табыс көзі. Күйдірілген мұнай коксы – алюминийді шы­ғарудағы бастапқы элементтердің бірі, анод өндірісіндегі негізгі шикізат. Зауытта 320-дан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Зей­нетақы реформасы мен еңбек заңна­ма­сы жайы да жұмысшылардың назарынан тыс қалмады. Мәжілістің баспасөз қыз­ме­ті­нің хабарлауынша, депутаттар сай­лау­шыларды толғандырған сұрақтарға толық­тай жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тың­­­­дады.