Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қариялардың көкейтесті мәселелері сөз болды

Қариялардың көкейтесті мәселелері сөз болды

Айқын-ақпарат
1158
Қариялардың көкейтесті мәселелері сөз болды Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Қостанай облысына сапарлары барысында ардагерлермен кездесіп, олардың әлеуметтік сипаттағы бірқатар сұрақтарына жауап берді және жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Депутат, «Нұр Отан» партиясының Мә­жі­лістегі фракциясының мүшесі Ирина Аро­нова атап өткендей, осындай халықпен кез­десулердің маңызы ерекше. Оның басты мақ­саты – Мәжіліс депутаттарының өткен сес­сиядан кейінгі жұмыстарының нәтижесін тал­қылау. 
– Біз бірқатар облыс аудандарын ара­лап,  түрлі халық топтарымен жүздестік. Мы­салы, Әулиекөл, Қарабалық, Науырзым ау­дан­дарын­да болғанда  біраз жайларға қа­нық­тық. Ең қуаныштысы, халықтың көңіл күйі жақ­сы, еңбекке деген ынталары жоғары. 
Негізінен, ауыл тұрғындарын шағын биз­несті дамыту, тұрғын үй мәселесі,  нақ­ты­лап айтар болсақ, «Нұрлы жер» жаңа бағ­дарламасын жүзеге асыру, білім беру сапасы, әлеуметтік медициналық сақтандыру мәсе­лелері толғандырады. Ерекше тілге тиек етер жай, олар жергілікті атқарушы органдары та­рапынан шешімін табуда. Оған біз кө­зі­мізді  жеткіздік, – деді Ирина Аронова.
Қостанай облыстық  ардагерлер кеңесі­нің тө­рағасы Кенжебек Укиннің сөзіне қара­ған­да, өңірдегі ардагерлер депутаттармен осын­дай кездесуді бұрыннан күткен-ді. Өйткені ха­лық қалаулылары назар аударатын мәсе­ле­лер де аз емес-ті.  
– Бұл депутаттармен өткізілген жиынға бү­кіл ардагерлер активі жиналды. Аға буын өкіл­дері бүгін көтерілген мәселелердің көбісі ше­шімін табады деген үмітте. Бұл тек қана ар­дагерлер қызметіне ғана емес, олардың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға да қатысты, –  деді өз сөзінде Кенжебек Укин.
Осынау басқосуда ардагерлерді, әсіресе, қар­жыландыру жайы мазалайтындығы ай­тыл­ды. Өйткені  олар үкіметтік емес ұйым­дар­ға жататын болғандықтан қаржылық мә­селесін өз беттерінше шешуге мәжбүр. Олар қайырымдылық көмекке сүйенеді. Осы көкейтесті жай болашақта жүзеге асатын болса, ардагерлер кеңесінің жұмысы бұдан да жандана түсер еді.
Бірқатар көрші елдердің ардагерлер ұйым­дарын мемлекет қаржыландырады екен. Бұл да алдағы уақытта ойланарлық мә­селе екендігі даусыз. 
Кездесу қорытындысында халық қа­лаулысы Ирина Аронова сөз сөйледі. Бұл кездесу барысында көтерілген барлық мә­селелер нұротандық депутаттардың  на­зарына  алынады. Олардың  нәтижесі мін­детті түрде халыққа жеткізіледі. 

Оразалы ЖАҚСАНОВ,
Қостанай облысы