Негізгі бет  /  мақалалар  /  2016 жылы экономикада қандай оң нәтижелерге қол жеткіздік?

2016 жылы экономикада қандай оң нәтижелерге қол жеткіздік?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
593
2016 жылы экономикада қандай оң нәтижелерге қол жеткіздік? 2016 жылы инфляциялық процестер күшейді, сыртқы жағдайдың нашарлауы экономиканың базалық салаларының экспорттық түсімінің ағымын азайтты.

Алайда, сыртқы теріс факторларға қарамастан, Қазақстан ұзақ мерзімді өсу ауқымын ұстап қалды. Strategy2050.kz АА Қазақстан экономикалық көрсеткіштерді нормада сақтап қалу үшін 2016 жылы қандай көрсеткіштерге қол жеткізгенін анықтап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа кезеңнің қосымша барабар шаралар қабылдауды талап ететінін атап өтті. Осыған орай, Мемлекет басшысы сәтті іске асырылған бірқатар нақты міндеттерді қойды, бұл Қазақстан экономикасының өсуін дәлелдейді.

Қазақстан экономикасының алдында 5 сын-тегеурін тұрды – экономикалық құлдырау қаупі, инфляция қаупі, Ұлттық қор резервтерінің жұмсалу қаупі және қаржылық жүйенің кейіннен тұрақсыздануы, жаппай жұмыссыздық қаупі, экономиканың «инвестициялық тұрып қалуы» қаупі.

Экономикалық құлдырау қаупі Қазақстанды айналып өтті.

2016 жыл қорытындылары бойынша, әлемдік экономикада қалыптасқан жағдайға қарамастан, ЕАЭО бойынша әріптес елдердегідей экономиканың құлдырауына жол берілмеді. Алдын ала бағалау бойынша, 2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде ЖІӨ өсуі 0,8% құрады. Үкіметтің қабылданған шаралары инфляцияны белгіленген деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді – жыл басынан бастап инфляция көрсеткіші 7,5% құрады.

Қазақстанның негізгі капиталына инвестициялар көлемі 4,7% артқан. Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаражаты болып қалуда – 3,5 трлн теңге. Салалар бөлінісінде инвестициялардың едәуір өсуі ауыл шаруашылығы саласында байқалады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы ұлғайды, бұл құрылыс жұмыстарының 7,5% артуына әкелді. Осы ретте, 2016 жылы құрылыс жұмыстарына - 340,8 млрд теңге, ауыл шаруашылығы саласына 224,2 млрд теңге бағытталған.

Қазақстан инфляция деңгейін белгіленген деңгейінде сақтап қалды.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды шарт инфляцияны 2016 және 2017 жылдары 6-8% деңгейіне дейін төмендету болып табылатынын атап өтті. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, өткен жылы азық-түлік тауарларына бағалар - 9,7%, азықтық емес тауарларға – 9,5%, ақылы қызметтерге 6,1% артқан. Осы ретте, Қазақстан Республикасында инфляция 2016 жылы 8,5% құраған.

Н. Назарбаевтың айтуы бойынша, инфляциялық процестердің ұлғаюына теңге бағамының түзетілуі әкелетінін атап өту қажет.

2016 жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Ұлттық қор резервтерін сақтап қалды және қоса түсті.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде мемлекеттік бюджет кірістері 7 575,2 млрд теңгені құрап, жылдық жоспардың 82,6%-ына атқарылған. Шығындар 7 386,1 млрд теңгені құраған. Осы ретте республикалық бюджет кірістері 6 256,0 млрд теңгені құрап, 78,5% атқарылған.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк активтері 29,8 млрд АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 7,0% өскенін атап өту қажет. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтып өткен болатын.

«Жыл соңына дейін мемлекеттік қазынаның 830 миллиард теңге қосымша кіріске толығуы күтілуде, бұл биылғы жылы дағдарысқа қарсы жоспар мен ағымдағы проблемаларды шешуден стратегиялық даму міндеттерін орындауға көшуге мүмкіндік береді», - деді Н. Назарбаев отырыс барысында.

Жаппай жұмыссыздық қаупі азаюда, қазіргі уақытта ол 4,9% құрайды.

Мемлекет халықты жұмыспен қамту мәселелеріне, соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көп көңіл бөлетінін атап өту қажет. 2016 жылғы 10 ай ішінде бағдарламаға 171,7 адам қатысты. 1 қарашадағы жағдай бойынша 2 306 жоба аяқталған, ашылған жұмыс орындарына 30 мыңнан астам қазақстандық орналастырылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

Қазақстан Президенті кеңейтілген отырыс барысында Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі бұқаралық кәсіпкерлік мәселелері болып табылатынын атап өтіп, тиісті бағдарламаларды одан әрі дамытуды жүзеге асыруды және қолдау құралдарын жетілдіруді тапсырды.

«Қазақстан экономикасының «инвестициялық тұрып қалу» қаупінің Қазақстанға қатысы жоқ.

Қазақстан Үкіметі экономиканы одан әрі дамыту бойынша қадамдар қабылдауда. Мысалы, Мемлекет басшысы «Агробизнес 2020» бағдарламасының негізінде ағымдағы жылдың соңына дейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынған болатын.

«Алдағы бес жыл ішінде кемінде 600 мың гектар суарылатын жерді айналымға енгізу қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізуі тиіс. Осы ретте апатты жағдайдағы су қоймаларын жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен осы жерлерді қажетті су мөлшерімен қамтамасыз ету қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан экономикасы одан әрі дамуы үшін елімізде инвестициялық форумдар өткізіледі және олардың қорытындылары бойынша ынтымақтастық және инвестициялық салымдарды тарту туралы келісімдер жасалады.