Негізгі бет  /  мақалалар  /  «ЭКСПО»-да Абай өлеңдері сыйға беріледі

«ЭКСПО»-да Абай өлеңдері сыйға беріледі

Айқын-ақпарат
386
«ЭКСПО»-да Абай өлеңдері сыйға беріледі «ЭКСПО-2017» көрмесінде Абай өлеңдерінің жинағы кәдесый ретінде ұсынылмақ.

Ақын шығармаларын әлемге таныту, дүниежүзілік маңызын насихаттау мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерінде өлеңдер жинағын құрастырған.

 «Семей-Көркем» баспаханасынан жарық көрген топтамаға ұлы ақынның көпшілікке кең танылған туындылары енген.

Құнды кітап «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына кәдесый ретінде ұсынылмақ. Бұл топтаманың ерекшелігі, саяхатшылар үшін қойынға салуға ыңғайлы етіп шығарылған.

Жинақта суретшілер Н.Өтепбаев (Абай портреті), Е.Сидоркиннің (графика) туындылары пайдаланылыпты.

 

Әмірлан МӘУЛЕН