Негізгі бет  /  мақалалар  /  Президенттер де ән салады (видео)

Президенттер де ән салады (видео)

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
656
Президенттер де ән салады (видео) Өзінің шығармашылық қуаты мықты, қолы тисе, оқта-текте ән салатын президенттер де бар.

Мысалы, Түркіменстанның президенті  Гурбангулы Бердымухамедов   елдің Сауда-өндірістік палатасында өткен жаңажылдық кеште өзі шығарған әнді айтып, жұртшылықты тағы бір таңқалдырды. Ол өзінің немересімен бірге Джастин Тимберлейктің әнін айтты. 


Түркіменстан президенті біршама уақыттан бері өзінің музыкалық қабілетінің осал еместігін көрсетіп келеді. Оның «Алға, алға, тек алға, Сүйікті менің Түркіменстаным!» атты әнін бір мезетте 4166 адам орындап,  Гурбангулы Бердымухамедов   «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. 

Түркіменстан президентінен қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаев та қалысар емес. Қырғыз лидері осы уақытқа дейін бес ән жазған. Биылғы жылы оның президенттік қызметтегі мерзімі бітеді. Ол ары қарай сайлауға түспейтінін мәлім етті. Содан соң бизнеспен айналысып, ән жазатын шығар. Қазір Алмазбек Атамбаевтың орындауындағы «Тағдырмен ерегіс» әні жұртшылықтың орындауындағы сүйікті әндірдің біріне айналған. 

Қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да шығармашылық қуаты аса мықты екенін қазақстандықтар өте жақсы біледі. Ол домбырада өте шебер ойнайды, қазақ фольлоры мен шешендік сөздерінен терең хабардар. Президенттің өзі шығарған бірнеше әні бар.  Ұлт көшбасшысы сонымен қатар, Қазақстан Әнұранының авторы.


Ресей президенті Владимр Путин де роялда жақсы ойнайды. Ол қатерлі ісікпен ауыратын балалардың қайырымдылық кешінде ән салғанынан ресейліктер толық хабардар. 


Ал АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон балалық шағынан бастап кәсіби музыкант болуды армандаған. Тіпті 1993 жылы өткен өзінің инаугурациясында жұртшылықтың алдында саксафонда ойнап, қонақтарды бір қуантқаны бар. 


Биліктен кетіп бара жатқан АҚШ-тың тағы бір президент Барак Обаманың ара-арасында қолына микрофон алып, ән айтып қоятыны бар. 


Жалпы кез келген президент ән салады.Тек оларды тыңдай білу керек.