Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ендi кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады

Ендi кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады

Айқын-ақпарат
410
Ендi кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады Ендi баспананың орналасқан жерiне қарамастан кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бөлiмшесiнде тiркелуге болады.

 Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiмет» МК Мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлманов мәлiмдедi. «Халық арасында уақытша тiркелу мен электронды анықтамалар беру сияқты мемлекеттiк қызметтерге сұраныстың артуына байланысты ҚР Iшкі істер министрлігімен келiсiмге қол жеткiздiк. Бүгiнгi күннен бастап уақытша тiркеудi баспананың орналасқан жерiне қарамастан ХҚКО-ның кез келген бөлiмшесiнде рәсiмдей беруге болады. Бұған дейiн осындай қызмет көрсетiлмеген», - дедi Ш.Әбдiлманов.

Директор орынбасарының айтуынша, бұл қызмет бiрнеше ауданнан тұратын Астана, Алматы, Қарағанды сияқты iрi қалалардың барлығына енгiзiлдi.

«Мысалы, баспанасы Астананың Есiл ауданында орналасқан азамат Сарыарқа ауданындағы бөлiмшеде тiркеудi рәсiмдей алмайтын. Оған Есiл ауданына бару керек болатын. Ендi азаматтарға кез келген ХҚКО-да уақытше тiркеуге қатысты қызмет көрсетiледi», - дедi Ш.Әбдiлманов.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Baq.kz

 

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.