Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды

Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды

Айқын-ақпарат
499
Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды Шымкентте ежелгі адамдардың бас-сүйектері табылған. Адам денесінің қаңқалары «Оңтүстік» шағын ауданында жеке тұрғын үйдің ауласынан шықты.

Үй иесі есік алдына қора-жай салмақшы болған. «Жерді тереңдетіп қазып жатқан сәтте, кенет адам сүйегіне ұқсас зат табылды. Ақырын қазғанымызда үш адамның бас сүйектері мен қыш құмыраға кезектік. Мұқият зер салғанымызда, мұнда ежелгі кезде ауқатты отбасының үш мүшесі жерленген болуы мүмкін. Өйткені, көне ыдыстар соның айғағы», - дейді жергілікті тұрғын Дәурен Абаев.

Табылған заттар археологтарға өткізілді. Құрылыс жұмысы уақытша тоқтаған. Себебі, мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

 

Алмас СҰЛТАН 

 

ҚазАқпарат