Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ким Чен Ынды өлтіретін отряд құрылмақ

Ким Чен Ынды өлтіретін отряд құрылмақ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1949
Ким Чен Ынды өлтіретін отряд құрылмақ АҚШ пен Оңтүстік Корея мемлекеті Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ынды өлтіру үшін арнайы отряд құрмақ.

Арнайы бригада сонымен қатар, Солтүстік Кореяның бірқатар басшылығы мен әскери қызметтегі жоғары лауазымды қызметкерлерінің де көзін жоюды көздеп отыр.

Бұл ақпарат америкалық бірқатар баспасөз беттерінде өткен аптаның ортасында жарияланды. Жалпы Солтүстік Кореяға арналған арнайы отряд биыл толық жасақталып,  осы жылдың аяғына қарай іске кіріспек. Сарапшылардың айтуына қарағанда, арнайы отрядтың құрамына екі мыңға жуық барлау қызсметін жақсы меңгерген, мықты қаруланған әскери қызметкерлер кірмек. «Ренхап» агенттігінің дерегіне қарағанда, мұның барлығын бір қызығы, америкалық әскерлер Оңтүстік Кореяның әскери отрядымен бірлесіп ұйымдастырады.

Бірақ қарсыластарының бұл жоспарын Солтүстік Кореядағы басшылық елең етіп отырған жоқ. Олардың алдына қойған өз мақсаты бар. Бүгінгі таңда ресми Пхеньян құрлықаралық баллестикалық ракеталарды жобасын жасауды қолға алды. Бұл туралы солтүстіктен Оңтүстік Кореяға қашып барған дипломат та мәлім еткенінен жұртшылық хабардар. Қашқын дипломат ракетаның АҚШ-қа жететінін де хабардар етті. Солтүстік Корея дипломатының мәліметінше, «Пхеньян әлемде өзіне дұрыс көзқарас қалыптасуын сұрайды. Ол үшін АҚШ пен оның одақтастары Пхеньянға көзқарасын өзгертуі тиіс. АҚШ-қа жететін ядролық оқтұмсықтар 2017 жылы бастау алып, 2018 жылдың басында аяқталады».

Расында солтүскореялық дипломаттың келтіріп отырған пікірі бекер емес. Президент Ким Чен Ын «Америка Құрама Штаттарының агрессиялық әрекетіне тойтарыс беру үшін өзінің әскери қуатын барынша нығайтады. Қазіргі уақытта ядролық оқтұмсықтардың  жасалуы ең соңғы деңгейде тұр» ,-деді ол халыққа арнаған жаңажылдық құттықтауында.

Солтүстік Корея басшысы өздерін «жақын уақытта ядролық держава болуға мүмкіндігі бар ел» деп те атады. Ал АҚШ пен Оңтүстік Корея бұл жоспарды жүзеге асыру үшін ең алдымен Ким Чен Ынның көзін құртуды ойластырып отырғаны бекер емес. Тпті БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға құрлықаралық баллестикалық ракетаны сынақтан өткізуге тыйым салу туралы  резолюция қабылдағаны да белгілі. Алайда Солтүстік Корея басшылығы бұл құжатты мақұлдауы былай тұрсын, оған  пысқырып та қараған жоқ.

«Ресми Вашингтонның  бар ойлағаны -  бүкіл одақтастарын мақұлдатып, әлем алдында Солтүстік Кореяның абыройын төгу. Бірақ АҚШ-тың агрессорлық саясатын білсе де, әлемде ешкім оны батыл айыптап отырған жоқ. Тіпті  айыптауға батылы да бармайды. Сондықтан Солтүстік Корея амалдың жоғынан өзінің қорғаныс қабілетін нығайтуға ұмтылады». Солтүстік Корея президенті мен әскери басшылықтағы әрптестердің пікірі осы. 

Бірақ соңғы бірер жылда Солтүстіктен Оңтүстік Кореяға бірнеше мыңдаған адамның жасырын жағдайда қашып кеткенін ескерсек, Ким Чен Ынның елінде тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайдың оңып тұрмағанын шамалауға болады.