Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жол апатынан 20 адам қаза тапты

Жол апатынан 20 адам қаза тапты

Айқын-ақпарат
397
Жол апатынан 20 адам қаза тапты Жексенбі күні Гаитиде іші адамға толы автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Prensa Latina  агенттігінің хабарлауынша, ондаған жолаушы ауыр жарақаттанған. Келеңсіз оқиға елдің солтүстігіндегі  Артибонит департаментінде тау беткейінде орналасқан Монте-Лакрет елді мекенінде орын алған. Зардап шеккендер таяу маңдағы медициналық пункттерге жеткізілді.

 

ҚазАқпарат