Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қытайда динозаврлар ізі табылды

Қытайда динозаврлар ізі табылды

Айқын-ақпарат
358
Қытайда динозаврлар ізі табылды Ғалымдар Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігінен 145 млн жыл бұрынғы динозаврлардың ізін тапты. Бұл іздер ежелгі заманда өмір сүрген алып кесірткелердің өмірі жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Дизнозаврлардың ізі Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Гуйчжоу провинциясынан табылды. Зерттеушілер ежелгі тіршілік иелерінің ізін Бицзе округіндегі жартастардан тапты. Юра кезеңіндегі жануарлардың тасқа түскен табан ізі былтыр күзде табылған еді, алайда іздерге жасалған сараптама екі айға созылды. Іздердің ұзындығы 40 сантиметр. Оны ғалымдар биіктігі 6 метрден асатын динозаврлардің ізі деп болжап отыр. Әсіресе, төрт аяқты өсімдік қоректі зауроподтардың ізі боп шығуы мүмкін. 

 inform.kz