Негізгі бет  /  мақалалар  /  БҚО-да «Казстройсервис» АҚ ғимараты өртенді

БҚО-да «Казстройсервис» АҚ ғимараты өртенді

Айқын-ақпарат
375
БҚО-да «Казстройсервис» АҚ ғимараты өртенді

6 қаңтар күні 23 сағат 28 минутта БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі №21 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Зеленов ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Чинарев кентінде «Казстройсервис» АҚ-ның бір қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешені ғимараты өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тілсіз жауды ауыздықтауға «Семсер-Өрт сөндіруші» мекемесінен 3 техника мен 19 адам қатысты. Өрттің 7 қаңтар күнгі сағат 00.07-де  беті қайтарылып, 02.25-те толықтай сөндірілді. Өрт аумағы 90 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталуда.   

inform.kz