Негізгі бет  /  мақалалар  /  ОҚО-да газ жарылысынан тұрғын үй опырылып түсті

ОҚО-да газ жарылысынан тұрғын үй опырылып түсті

Айқын-ақпарат
350
ОҚО-да газ жарылысынан тұрғын үй опырылып түсті Оңтүстік Қазақстан облысында 2 қабатты жеке барақ тәрізді тұрғын үй опырылып құлады. Оқыс оқиғадан қаза тапқандар бар, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Бастапқы нұсқа бойынша, газ-ауа қосындысы жарылған. «8 қаңтарда сағат 03-55-те ОҚО ТЖ департаментінің шұғыл кезекшілеріне алдын ала газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізде салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйдің опырылып құлауы туралы хабар келіп түскен. Қираудың көлемі 64 шаршы метрді құрады.   Сағат 04.07-де оқиға орнына бірінші болып жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің 11 қызметкері және 2 техника келіп жетті. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үйіндінің астынан 4 адам шығарылды, олардың ішінде үшеі ауруханаға жеткізілді, 1 адам ауруханаға барудан бас тартты.. Сағат 04.25-те үйіндінің астынан бірінші болып 2015 жылғы сәби табылып, шығарылды. Сағат 04.28-де баланың әкесі үйіндінің астынан шығарылды, 4 минуттан кейін анасының мүрдесі шығарылды. Сағат 04.32-де 1 адам табылды. Сағат 04.53-те тағы 1 адам табылып, шығарылды», делінген хабарламада.   Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 23 құтқарушысы және 3 техника, жедел-құтқару жасағының 44 қызметкері және 6 техникасы (оның ішінде 3 иісшіл итпен үш кинологиялық жасақ, 1 медикалық-психологиялық қызмет маманы), өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 адамы және 4 техникасы, медицина апаттар орталығының 3 қызметкері, құрамында 16 адам және 4 техникасымен жедел медициналық қызметінің қызметкерлері тартылған. Облыстық ІІД қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, энергетика және газ шаруашылығының қызметкерлері тұрғын үйді электр қуаты мен газдан ажыратты.  

Алмас СҰЛТАН 

inform.kz