Негізгі бет  /  мақалалар  /  «1 теңге - 1 үй» қоры құрылатын болды

«1 теңге - 1 үй» қоры құрылатын болды

Айқын-ақпарат
531
«1 теңге - 1 үй» қоры құрылатын болды «1 теңге - 1 үй» жобасы бойынша қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, қысқа мерзімді жұмыс жоспары жасалып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта жобаның мақсаты, жүзеге асыру механизмі, талаптары, шарттары ресми парақшаларда жаряланады.

Бұл туралы идея авторы Нұрдәулет Нұрәділ Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Н.Нұрәділ желілердегі және түрлі топтардағы кейбір сұрақтар мен пікірлерге жауап берген. «1 теңге - 1 үй» жобасы бойынша қазіргі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып, қысқа мерзімдік жұмыс жоспары жасалып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта жобаның мақсаты, жүзеге асыру механизмі, талаптары, шарттары ресми парақшаларда жаряланады», - деп жазды ол. Қоғам жаппай қолдаған идеяның авторы бұған қоса жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы қор құрылып, ресми есепшоты ашылатынын айтады. Бүкіл қаржылық операциялар сол есепшот арқылы жариялы түрде жүргізілмек. «Оған дейінгі кез келген қаржылық операциялар, хабарландырулар мәтініне құқықтық және азаматтық тұрғыдан жауап бермейтіндігімзді ресми хабарлаймыз», - деп атап өтті ол. Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулет Нұрәділ есімді әлеуметтік желі қолданушысы талай адамды толғандырған ең өзекті мәселе - баспана мәселесін шешудің жаңа жолын ұсынған болатын. Оның айтуынша, аптасына бір теңгеден садақа шығарсаңыз, жылына 52 отбасының баспаналы болуына мүмкіндік бар.

Ербол Жанат

inform.kz