Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алаяқтар жалған кастинг жариялапты...

Алаяқтар жалған кастинг жариялапты...

Айқын-ақпарат
409
Алаяқтар жалған кастинг жариялапты... Шакен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының PR-директоры Дмитрий Шишкин киностудияның атын жамылып жалған кастинг жасайтын алаяқтардың көбейіп келе жатқандығын айтты.

Оның айтуынша, жаңа жылдың алдында осындай топтардың  бірі əшкереленген. Алаяқтар "Қазақфильм" студиясының жобасы деген желеумен біраз адамды алдап, кастингке қатысу үшін ақша алып отырған. Киностудияның жобалары жайлы олар жаңалықтардан біліп отырған. Кейін кастингке қатысам деп келген адамдардан 500-1000 теңге киви-əмиянға аудартып, сонан соң зым-зия жоғалып отырған. "Ешбір кастингке ақша төлеудің қажеті жоқ  Егер сізден ақша сұраса полицияға хабар беріңіз. Кастинг туралы ақпарат арнайы аккаунттарда шығады. Оны баспасөз қызметі арқылы тексеруге болады. Ең басты белгісі ақша туралы əңгіме шықса, алаяқтарға тап болғаныңызды түсінсеңіз болады", -деді Д.Шишкин.

inform.kz