Негізгі бет  /  мақалалар  /  10 адам тірідей жанып кетті

10 адам тірідей жанып кетті

Айқын-ақпарат
443
10 адам тірідей жанып кетті Марокконың оңтүстігінде болған жол апаты салдарынан он адам тірідей жанып кетті, тағы 22-сі жарақаттанды.

Агенттіктің мәліметінше, көлік апаты сенбіге қараған түні Агадир қаласынан 41 шақырым жерде болды. Жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан екі көлік те жана бастаған. Бірнеше зардап шегуші тікұшақпен Марракешке эвакуацияланды, қалғандары Агадир ауруханасына жеткізілді. Билік өкілдері апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.   Фото: © Fotolia/ Thaut Images  


inform.kz