Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жыл жылнамасы

Жыл жылнамасы

Айқын-ақпарат
522
Жыл жылнамасы Биылғы 2017 жылы әдебиет мен өнер, руханият саласының көптеген көрнекті өкілдерінің мерейлі даталары ел көлемінде кеңінен атап өтілуге лайық. Солардың бірқатарына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз.

Мәселен, биыл ақын, аудар­машы, жыршы Жүсіпбек Шай­қысыла­м­ұлының (1857 – 1937) және халық ақыны Нұралы Нысан­бай­ұлының туғанына 160 жыл (1857 – 1930) толады. 
 Жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті классигі, академик, ғалым Мұхтар Омар­хан­ұлы Әуезовтің ту­ғанына 120 жыл.  Ха­лық жазушысы Әлжаппар Әбішевтің ту­ғанына 110 жыл. 
Белгілі суретші Айша Ғалым­бае­ваның, мемлекет қайраткері Бәйкен Әшімовтің, этнограф-ғалым  Жағда Бабалықұлының, әдебиетанушы ғалым   Төкен Әбдірах­мановтың, Құран Кәрімді қазақ тіліне жатық аударушы ғалым Халифа Алтайдың, композитор Бақытжан Байқадамовтың, халық артистері Шабал Бейсекованың, Мүлік Сүртібаевтың,  Хадиша Бөкеева­ның, Қазақ циркінің негі­зін қалап, ұйым­дас­тырушы­лардың бірі Гүлжиһан Ға­лие­ва­ның,  туға­нына аттай бір ғасыр, яғни 100 жыл толады. 
Ғалым, әдебиет зерттеушісі, ака­демик  Рахманқұл Бердібаевтың,  Зейнолла Қаб­до­ловтың, Мүсілім Базар­баевтың, ақын Аманжол Шам­кеновтың, жазушы Нығмет Ғаб­дул­линнің, күйші Мағауия Хамзиннің, халық артисі Кенжебек Күміс­­бековтің, мемлекеттік қайраткер Сағи­долла Құба­шев­тің, Қазақстанның халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың, халық артисі Шамғон Қажығалиевтың туғанына 90 жыл. 
Композитор Мыңжасар Маң­ғы­­таев­­тың, жазушы Тұтқабай Иман­бе­ковтың, ақындар  Төлеген Айбер­геновтың, Қайрат Жұмаға­лиевтің Сабырхан Асанов пен Меңдекеш Саты­балдиевтің, Рза Қунақо­ваның, журналист, жазушы Нұрмахан Ораз­бектің, әншілер, халық артистері  Зейнеп Қой­шы­баева мен Бақыт Әшімо­ваның туғанына 80 жыл толады. 
Ал ғалым Алма Қыраубаева мен театр сыншысы Әшірбек Сығай­дың, жазушы, сыншы Сағат Әшім­баевтың туғанына 70 жыл тол­мақшы.  
Сондай-ақ 2017 жылы  көптеген ара­мызда жүрген әдебиет, өнер, қоғам қай­раткерлері  90, 80, 70, 60 жылдық мерейлі жасқа толады. Мәселен, ака­демик Серік Қирабаев пен «Шаянның Шоло­ховы» атан­ған жазушы Еркінбек Тұрысов 90-ға тол­са, халық артистері Асанәлі Әшімов,  Нұр­ғали Нүсіпжанов,  қоғам қайраткері Мырзатай Жол­дасбеков, ақын Арғынбай Бекбосын, жазушы Әнес Сарай 80-ге, жазу­шылар Смағұл Елубай, Жарылқап Бей­сен­байұлы, Несіп­бек Дәу­тай­ұлы,  ғалым­дар Досым Сүлеев, Әбсат­тар Дербісәлі, Ғарифолла Есім, қоғам қай­раткері Дүйсен Қасейінов, сын­шы Бақыт Сарбалаев, ақындар Нұрлан Ора­за­лин, Иранбек (Иран-Ғайып) Ораз­баев, Мыр­зан Кенжебай, Зайда Елғон­динова 70-ке, сыншы Тұр­сын­жан Шапай, әнші Роза Рым­баева, ақын Есенғали Рауша­нов, сатирик Мұхтар Шерім 60 жасқа толады. 
Сондай-ақ биыл 1 ақпанда  – М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пье­сасының Абай ауылында қо­йыл­ғанына 100 жыл (1917) толмақшы. 6 қаңтар  күні «Леніншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің тұңғыш рет жарыққа шық­қанына 95 жыл (1922) толды.  Биыл Қазақстанның ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының құрыл­ғанына 80 жыл (1937). «Мектеп» (Рауан) баспа­сының құрылғанына 70 жыл (1947) толады.
Ақтан ҚОҢЫР