Негізгі бет  /  мақалалар  /  ПАРТИЯ САЙТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ПАРТИЯ САЙТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Айқын-ақпарат
1134
ПАРТИЯ САЙТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ «Нұр Отан» партиясы ресми сайтының дизайнын жаңартты. Ақпараттық ресурстың жаңа нұсқасына көптеген пайдалы айдарлар қосылды, навигация мен ішкі іздеу жүйесі жақсартылды.

 «Партия мүшелігіне өту», «Электронды қоғамдық қабылдау», «Партия жобалары» сынды бөлімдер nurotan.kz сайтының басты бетіне орналастырылды. Десек те, сайтта бұрыңғыдай орталық және аймақтық деңгейдегі партия қызметі жөніндегі ақпараттарға басымдық беріледі. «Жаңалықтар» бөліміне күніне орта есеппен 10 мен 16 арасында қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар салынады.

«Мақалалар» атты жаңа бөлімде пар­тияның жұмысы жөнінде «Егемен Қа­зақстан», «Айқын», «Казахстанская правда» және «Литер» сынды респуб­ликалық белді басылымдарда жарық көрген мақалалар жарияланады. Жаңа сайтта «Видео» және «Фото» бөлімдеріне маңыз берілді. Мұнда республикалық телеарналардан көрсетілген партия жұ­мысы жайында видеосюжеттер орналас­ты­рылады. Жалпы, сайт 10 негізгі бөлім, отыздан астам айдар мен айдаршаларды қамтиды. Бұл порталдан партияның бағдарламалары жөнінде құжаттарды алуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ Жарғымен танысып, партияның байла­ныс құралдары мен бос жұмыс орындары туралы да мәлімет алуға болады. 
Бұдан бөлек, жаңа сайтты қайта жа­сау барысында мүмкіндігі шектеулі жан­дардың талаптары да ескерілді. Ендігі кезекте партияның ақпараттық ре­сурсын көзі нашар көретін жандар да еркін оқи алмақ. 
Асыл ТҰМАР