Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мәжіліс депутаттары Алматыға келді

Мәжіліс депутаттары Алматыға келді

Айқын-ақпарат
1006
Мәжіліс депутаттары Алматыға келді

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс депутаттары – Серік Сейдуманов, Жәмила Нұрманбетова, Серік Құсайынов, Гүлнар Бижанова, Ольга Шишигина Алматыға келіп, «Ақсай» ЖШС нан өнімдері комбинатының ұжымымен кездесті. Депутаттар тобын «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова мен Алматы қалалық әкімдігі мен атқарушы органдардың өкілдері бастап алып жүрді.

Кездесу барысында мәжілісмен де­путаттар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және «Нұр Отан» партиясының «Қазақ­стан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасам­паздық» атты Сайлауалды тұғырнамасы­ның жүзеге асырылу жолдарын түсіндірді.
Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исим­баева комбинат қызметкерлеріне Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауындағы елімізде агроөндірістік саланы кешенді түрде дамытудың жаңа бағдарламасын жаңа жылдан бастап іске қосу туралы тапсыр­масының аса маңыздылығын атап өтті. Бұл нақты қадам сапалы өнім өндіруді еселеп көбейтумен қатар, азаматтардың тұрмыстық әл-ауқатын арттыратынын да жеткізді.
«Бұл бағытта бес жүз мыңнан аса шаруашылық нысандары өз күштерін ортақ арнаға біріктіруге мүмкіндік алады. Бізге уақыт талабына орай, жаңа инно­вациялық технологияға негізделген, ауыл шаруашылығының барлық өнім түрлерін өңдеп, пайдалануға асыратын соңғы үлгідегі агроөнеркәсіптік индустрияны дамыту қажеттілігі тұр. Бұл жаңа бағдар­лама міне, дәл осы мақсатты көздейді», деді Гүлмира Исимбаева.
Мәжіліс депутаттары сонымен қатар, Алматы қаласындағы аса қуатты және ірі кәсіпорынның біріне саналатын «Ақсай» нан өнімдері комбинатының цехтарын аралап, жұмыс процестерімен танысты.
Комбинат бас директорының эконо­мика және қаржы жөніндегі орынбасары Раиса Цыганоктың сөзіне қарағанда, бұл кәсіпорын өз саласы бойынша үздік деп танылып, жеткен жетістіктері үшін бір­қатар наградалармен, дипломдармен және медальдармен марапатталған. Со­ның ішінде, өнімдердің жоғары сапалы­лығы үшін 2008 жылы ҚР Президентінің өз қолымен табыстаған «Алтын сапа» сый­лығы ерекше орында тұр. Комбинат осы жетістіктермен шектеліп қалмай, жаңа технологияларды енгізу арқылы нарыққа шығатын өнім түрлерін көбейтіп, қатары­нан озып, әсіресе, тұтынушылардың риза­шылығына бөленіп келеді.
«Ақсай» ЖШС нан өнімдері ком­бинаты жұртқа ұсынылатын өнім түрлерін арттыру жағынан алдыңғы қатарды иелене отырып, технологиялық жағынан да қана­тын кеңге жая бастады. Қазіргі уақытта комбинаттың облыстардағы филиалдары «Ақсай – Нан – Көкшетау», «Ақсай – Нан – Өскемен» іске қосылса, Қазақстанның басқа да өңірлерімен осы бағытта келіс­сөздер жүргізілуде. Қысқаша шолып айтар болсақ, 1300-ден аса білікті мамандар еңбек ететін комбинат тәулігіне 150 тонна­дан артық өнімдер шығарады. Өнімдерінің түрі 200-ден асады. Сол өнімдер Алматы, Талдықорған, Астана, Қызылорда, Ақтау, Шымкент, Тараз және басқа өңірлерге өнімдері таратылуда. Әрі 3000-ға жуық сауда-саттық нүктелерімен тікелей бай­ланыста жұмыс істейді. Бір сөзбен айт­қанда ірі кәсіпорын.
Кездесу барысында депутаттар «Ақсай-нан» комбинаты қызметкерлерінің қойған сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ депутаттар соңғы жылдары ел Парла­мен­тінде агроөнеркәсіптік саланы дамытуға бағытталған бірқатар жаңа заңдар қабыл­данғанын, осының нәтижесінде нарықтың талаптарына сәйкес, экономика секто­рын­дағы қиын саланың өркендеуіне құ­қықтық негіздер қаланғанын, өз кезегінде бұл қадам тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау мен қолдауға арналғанын атап айтты.
«Ең бастысы, елімізде азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында үлкен істер қолға алынуда, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының қолдауымен мемле­кеттік деңгейде қабылданған жоспарларды жүзеге асыруда нақты қадамдар белгіленді. Өмірдің барлық саласы бойынша пар­тияның стратегиялық бағыты айқын, өзінің Сайлауалды тұғырнамасы бар, оның ішінде агроөнеркәсіптік саланы дамыту жөніндегі жобаларды сіздердің қатысуларыңызбен жүзеге асырамыз», деді Гүлмира Исимбаева.
Осы күні іссапар барысында депутаттар пәтер иелері кооперативтері мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселеле­ріне арналған кеңейтілген жиынға қаты­сып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің профессорлық-ұстаздар құрамымен кездесті.