Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кешен құрылысы басты назарда

Кешен құрылысы басты назарда

Айқын-ақпарат
900
Кешен құрылысы басты назарда ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сәкен Өтебаев, Сәкен Қаныбеков, Марат Бопазов, Бақтияр Мәкен және Құдайберген Ержан Құрық портындағы паром кешеніне келді.

Осы нысанның бас директорының орынбасары Мырзабек Сақтағанов депутаттарды «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыстың барысымен таныстырды.

– Мәжілістегі Ұлттық қордан бөлін­ген қаражаттың мақсатқа сай пай­даланылуын бақылау жөніндегі ко­миссияның мүшесімін. Осы нысанға бөлінген қаражат орнымен жұмсалуда, жұмыс белгіленген кесте бойынша жү­руде. Құрылыс барысында жедел шешуді талап ететін өзекті мәселелер жоқ. Егер мәселелер туындайтын болса, біз Мә­жілістің алдына қоюға дайынбыз, – дейді депутат Сәкен Өтебаев.
Паром кешенінің екінші кезеңі 2017 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Жүк және жолаушы кемелері түйісетін тағы 2 көпір салынады. Жыл аяғына дейін 178 паром қабылдау жос­парлануда.
– Өткен жылдың аяғында нысан құрылысына бөлінген 32,1 миллиард теңге толықтай игеріледі, – дейді «Құ­рық порты» ЖШС навигация қызметінің басшысы Игорь Проценко.
Паром кешені арқылы астық, мұнай өнімдері және басқа да халық және өн­дірісте тұтынатын түрлі тауарлар тасы­мал­данып, еліміздің транспорттық-ло­гистикалық жүйесі кеңейеді. Жылына 5,1 миллион тонна жүк тасымалдайтын қуатты кешеннің арқасында шетел­мен тауар айналымы артады.
Нысан құрылысына 2016 жылға республикалық бюджеттен 17 миллиард теңге және ҚР үкіметінің арнайы қо­рынан 7,4 миллиард теңге бөлініп, бұл қа­ражат толықтай игерілген.