Негізгі бет  /  мақалалар  /  Партия мүшесі Этика кодексін сақтауы тиіс

Партия мүшесі Этика кодексін сақтауы тиіс

Айқын-ақпарат
1114
Партия мүшесі Этика кодексін сақтауы тиіс Алматыдағы №10 қалалық емхана базасындағы бастауыш партия ұйымында партия мүшелерінің Этика кодексін сақтау жөніндегі көшпелі семинар-кеңес өтті. Семинарға 100-ден аса дәрігерлер мен медбикелер қатысты.

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқор­лықпен күрес Қоғамдық кеңесінің төраға­сы Бауыржан Шөкімов семинарға қаты­сушылар алдында баяндама жасай келе, Этика кодекс 2015-2025 жылдарға ар­налған Жемқорлықпен күрес жөніндегі партиялық бағдарламаға сәйкес қабыл­данғанын еске салды. Бұл бағытта Қоғам­дық кеңес партияның аудандық филиа­лымен бірлесе отырып, партия мү­­ше­­ле­рінің Этика кодексін түсіндіру жұмыс­тары тұрақты жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
«Әрбір партия мүшесі өзінің қызметтік лауазымын жеке басының мақсатына жұмсаудан мүлде аулақ болуға тиісті, өйткені кез келген тәртіп бұзушылық партия беделін түсіретінін естен шығар­мағанымыз жөн. Қоғамның партияға деген сенімін одан ары жоғарылата түсу жолында еңбек ету ортақ парызымыз. Ал Этика кодекстің талаптары бұзыла қалған жағдайда партиялық жаза қолданылады, тіпті кінәлі жанды партия қатарынан шығару мәселесі көтеріледі» деді өз сөзінде Бауыржан Шөкімов.
«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Мұрат Омаров антикоррупциялық тү­сіндіру жұмыстарына қалалық Мәс­лихат­тағы депутаттық фракция мен бас­тауыш партия ұйымдары төрағаларының белсене қатысатынын хабарлап өтті.
«Мен қоғам сеніміне ие болған билік органдарында «Нұр Отан» қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының айқын жүзеге асарына толық сенімдімін. Сондықтан біз халық­тың осы сенімін азайтып алудан сақ бо­луы­мыз керек», деді ол.
№10 қалалық емхананың бас дәрігері, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Роза Тоқмолданова Сыбайлас жемқор­лықпен күрес Қоғамдық кеңесі өткізген семинардың маңыздылығын атай оты­рып, ұжымда партия мүшелерінің Этика кодексі мен 2015-2025 жылдарға арналған Жем­қорлықпен күрес жөніндегі партия­лық бағдарламаны түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілетініне тоқталды.
«Мекемеміздің көрнекті жерінде аза­маттардың арыз-шағымдарын қабылдау үшін пошта жәшігі ілінген және мұнда кез келген өтініш иесі лауазымды тұлғалар жағынан жемқорлық көрінісі бола қалған жағдайда өзінің жазбаша хатын қалдыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар антикор­рупциялық бағыттағы ақпараттық-на­сихаттық жұмыстар белгіленген кестеге сай, өз уақытында жүргізіліп отырады. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің – партия мүше­лерінің арасында жемқорлық көрінісі болған емес», деп атап өтті Роза Тоқмол­данова.