Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жапа шеккендердің жағдайымен танысты

Жапа шеккендердің жағдайымен танысты

Айқын-ақпарат
996
Жапа шеккендердің жағдайымен танысты

 «Нұр Отан» партиясы фракциясының ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Снежанна Имашева және Юрий Тимощенко Қарағанды облысындағы Шахан кентіне келіп кетті. Іссапар барысында атқарушы органдардың өкілдерімен және тұрғын үй құлаған себептен жапа шеккендердің жағдайын, мүддесін білдіретін бастамашыл топ мүшелерімен кездесті.

Тұрғындармен кездесу аясында ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков: «Біз жапа шеккен азамат­тарға көрсетіліп жатқан жұмыстармен, сонымен қатар оларға қандай қосымша қолдау керек екенің анықтау үшін келдік. Бізге, депутаттарға атқарушы ор­гандармен бірлесіп, осындай апаттық оқиғаларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауымыз керек, соның ішінде заңнамалық шаралар. Бірақ осы шараларды апаттық жағдай себептерінің толық талдауын және жылыту жүйесі талдауын жасап, содан кейін қабылдау қажет...». 
Бастамашыл топтың мүшелері, кент­тің тұрғындары депутаттармен әңгіме­лесу барысында, бірінші кезекте, қазан­дық құру жөніндегі мәселені шешуге ықпал етуге сұраған. Сонымен қатар тұрғындар көппәтерлі үйлерді қалпына келтіру қажет екендігі туралы атап өтті. 
Шахтинск (Шахан кенті осы қалаға қарайды) қаласының әкімі Сержан Ай­мақов ҚР Парламенті Мәжілісі депутат­та­рына ұйымдастырылып жатқан көмек туралы айтты. Оның айтуынша, мемле­кеттік органдардың және қайырымды азаматтардың көмегінің арқасында киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қиындықтар жоқ. Баспанасыз қалған тұрғындарға пәтерлер берілетін болады.