Негізгі бет  /  мақалалар  /  Түркия АҚШ әскерін елден шығара ма?

Түркия АҚШ әскерін елден шығара ма?

Айнұр Қазыкенова
398
Түркия АҚШ әскерін елден шығара ма? Түркия елдің оңтүстігіне орналасқан Инжирлік әскери әуе базасында орналасқан АҚШ бастаған коалиция күштерін елден шығаруы мүмкін.

Бұл жөнінде  Түркия  премьер министрінің   орынбасары  Вейси  Кайнак  хабарлады.  Оның айтуынша,   осы  мәселе Үкіметтің отырысында  қаралған. Мұнда көтерілген мәселенің бір  ұшы, АҚШ Түркияның Сирия жерінде  лаңкестермен  жүргізіп  жатқан күресіне қажетті қолдау мен көмек бермегеніне  тірелсе, екінші ұшы, жаңа  жыл  түнінде Ыстамбұл қаласында  болған  терактіге  АҚШ арнаулы  күштерінің қатысы  бар  деген  сыбыс. Өйткені  түнгі  клубтағы 39 адамның қазасына және 69  адамның  жаралануына алып келген лаңкестік  оқиғаға  көптеген  сарапшылар америкалықтардың   қатысы  бар деген болжам айтқан. «Биліктен  кетіп бара жатқан АҚШ президенті Барак  Обама Таяу  Шығыстағы  соның ішінде Сирия  жанжалындағы  АҚШ-тың ұтылыстарына  Түркияны  кінәлі  деп   есептейді. Өйткені  ресми Анкара  Ресеймен тым жақындасып кетті.Шам  жеріндегі  мүддесін Ресеймен бөліске  салды. Ақ  үйдің айтқанын тыңдамады.Сондықтан  Вашингтон  қалайда  Ердоғанның билігін  халық алдында   масқаралау  үшін түрлі әрекеттерге баруда. Соның бірі  осы  теракті»  деседі. Мүмкін. Ал Түркі билігі Инжирлік  әуе базасын  қажеттіліктері үшін қолданып  отырған АҚШ әуе күштерін елде  шығара  ма,  қайтеді? Әзірге  бұл  нақты шешілген  жоқ.