Басты  /  мақалалар  /  Күн құпиясы толық ашылған ба?

Күн құпиясы толық ашылған ба?

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1853
Күн құпиясы толық ашылған ба? Ғалымдар өткен жылы Күн бетінен NASA обсерваториясының таспалары қуатты жарылысты жазып алған еді. Алынған суреттердің негізінде монтаждалған бейнежазба ғарыш агенттігінің сайтында жарияланған.

Онда жұлдыздың үстінде көтеріліп, кейін бірте-бірте сөніп бара жатқан протуберанец көрініп тұр. Бейнежазбаның түсіндірмесінде жазылғандай, протуберанецтер – күннің бетіне қайнап, қызып шыққан газдар. Ал жарылыстан кейін газдар қайта Күн бетіне оралады екен.

Күн төңірегінде ғажайып оқиға тағы да осы қазан айында тіркелді. YouTube сайтында жарияланған бейнеролик  елді елең еткізіп, бұл бейнематериалдардың оқырмандары сағат санап арта түскен еді.

Бұл бейнематериал 1995 жылы ұшырылған SOHO аппараты түсірген суреттерден құрастырылған  екен. Роликке мұқият қарап отырсаңыз Күннің маңындағы жұмбақ объектілер анық көрінеді.

Ал олардың не екендігі және қайдан пайда болғандығы ғаламторға келушілер арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбіреулер оны «Күн жанындағы құйрықты жұлдыздар» десе, келесі оқырман «ұшқыш тарелкалар» деген.
Ал freekflag атты пайдаланушы олардың Күннен қуат алып жатқандығын айтқан. Күннің суреттерін НАСА сайтынан көруге болады. Ролик авторының айтуынша, оларды бірнеше жылдан бері зерттеп келеді екен. Бірақ мұндай құбылыс бұрын сирек болса, қазір едәуір жиілеп кеткен, деп жазады epochtimes.ru.

Күн туралы жасалынып жатқан ерекеше бейнематериалдар ғаламторда көп. Соның бірі Күннің ерекше таймлапс-видеосы болған еді. Роликті неміс режиссеры, Жердің ғарыштан көрінісі ғылыми-деректі фильмінің авторы Майкл Кениг құрастырған.Бұл бейнематериал соңғы төрт жылда алып жұлдызда болған басты оқиғаларды көрсетеді еке.  Роликті жасау үшін NASA  ірі зерттеу зертханасы – Годдард ғарышқа ұшу орталығының бейне жазбалары мен суреттерін пайдаланған.

Түрлі ғажайыптар орын алып отырған біздің жүйенің жұлдызының жасын анықтау да ғылымда көп зерттеулер туғызған. Мәселен, ғалымдар Күн жүйесінің жасы 2 миллион жылға «қартайды» деп есептейді. Ал «Мяк» радиосының ақпаратына сүйенсек, күн жүйесінің жасы 4 миллиард 568 миллион 200 мың жыл деп есептеп отыр.

2004   жылы Марокко  аумағында  табылған  метеоритті егжей-тегжейлі зерттеп  шыққан   ғалымдар,    Күн  жүйесінің   пайда  болу   мерзімін   2 миллион жылға әрі  ысырып отыр. 

6 қараша Утро.ру. Science-тің мақалалар сериясында  жарияланған мынандай бір ақпаратты назарға ұсынды. MAVEN зонды арқылы бақылаудың арқасында Марс атмосферасының қалың қабатының жойылуына Күндегі жарылыс себеп болуы мүмкін екені анықталған.

MAVEN зонды 2013 жылдың қарашасында Қызыл планетаның атмосферасының құрылымын зерттеу үшін, оның әуе бөлігі мен мұхиттар суы неліктен және қалай ғарышта жойылғанын анықтау үшін Марсқа жөнелтілді. 2014 жылдың қыркүйегінде MAVEN Марсқа жетіп, зерттеуін бастады. 

Күн туралы бұл ақпараттан басқа да, қызықты деректер баршылық. Мәселен, бізге атмосфереаның әсерінен алтын түстес болып көрінетін Күн, шын мәнісінде ақ түсті. Күн жер бетіндегі атом реакторы іспесғ, ондағы энергия сутегі мен гелийдің термоядролық синтезі әсерінен пайда болады. Осы күн галактикамыздағы ең жарық жұлдыз емес. Галактикамыздағы 15% жұлдыз күннен де жарық көрінеді.

Ал оның температурасы туралы білгіңіз келе ме?! Мәселен оның  сыртқы бетінің температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К. Осы Күннен шығатын ультрафиолет сәулелері антисептик болып табылады. Яғни, бұл сәуле түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді.

Ғалымдардың айтуынша, күн 4-5 миллиард жылдан кейін тіршілігін тоқтатып, қасындағы ғаламшарлар толықтай жойылуы мүмкін деген жорамал жасап келеді.

Деректерге сүйенсек, Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен және басқа барлық планеталарды бірге алғандағы массадан 750 есе асап түседі. Күн -өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге –сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді: оларды қыздырады,планеталар атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған. Шар тәріздес Күн бізге жарқыраған дөңгелек болып көрінеді.

Күн де барлық жұлдыздар сияқты қызыған газдан, яғни гелий қоспасы (10%) бар сутектен тұрады.  Күн затты қатты иондалған, яғни атомдар өздерінен сыртқы электрондарын жоғалтқан және олармен бірге иондалған газдың плазманың еркін бөлшектеріне айналған. Күн қойнауында пайда болатын энергия ағыны сыртқы қабаттарға, беріледі және барған сайын көптеген аумақты қамтиды. Осының нәтижесінде, күн газдарының температурасы орталықтан қашықтаған сайын азаяды.

Ежелгі тарихқа көз жүгіртіп өтелік. Күн тақырыбындағы мифологиялық сыр ежелгі Египеттіктерден бастау алады. Египеттіктер жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болғаны тарихтан белгілі.  Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет еді. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл ұстанымдары біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтты. «Алтын» нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады. Сол мифтік сарын тарихта осылай көрініс тапты. Олардың өте керемет сауаттылықпен салған пирамидалары құрылыс саласының ең бір тамаша архитектуралық мұражайы ретінде сақталып тұр. Барлық пирамидалардың аспан әлемімен, оның ішінде біздің жарық жұлдыз Күнмен не сыр бар екені әлі күнге дейін толық ашылмаған сыр болып келеді.

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ