Негізгі бет  /  мақалалар  /  50 жыл бұрын жазылған хат ашылады

50 жыл бұрын жазылған хат ашылады

Айқын-ақпарат
1568
50 жыл бұрын жазылған хат ашылады Ақтауда 2017 жылдың қараша айында 1967 жылы болашақ ұрпаққа аманат етіп салынған капсуланы ашу жоспарлануда.
Абай атындағы мәдени орталықтың алдына орнатылған ескерткіш стела осы күні Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарын өзіне аудартуда. Маңғышлақты игерген азаматтардың аманаты бойынша келешек ұрпаққа арналған капсула 2017 жылдың 7 қарашасы күні ашылуы тиіс. Ақтауда болашақ ұрпаққа аманат етіліп, 50 жыл бұрын жазылған хат ашылады Стелада: «Маңғышлақты игерушілерден 2017 жылдың ұрпақтарына», деп жазылған. Оның екінші бетінде капсула орнатылған дата - 1967 жылдың 7 қарашасы және «2017 жылдың 7 қарашасы күні ашу» деген жазу бар. Үшінші жағына орақ пен балғаның суреті ойып салынған. Капсула орнатылған күн туралы естеліктерімен Людмила Николаевна Мухортова бөлісуде. Ол кезде ол Шевченко қалалық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің бөлім басшысы болып қызмет еткен. Ақтауда болашақ ұрпаққа аманат етіліп, 50 жыл бұрын жазылған хат ашылады «2017 жылдың қарашасында болашаққа арналған хат салынған капсуланың орнатылғанына 50 жыл толады. Бұл шара 1967 жылдың 7 қарашасында Ұлы октябрь революциясына 50 жыл толуын атап өтуге орайластырылды», - дейді Людмила Николевна. Ақтауда болашақ ұрпаққа аманат етіліп, 50 жыл бұрын жазылған хат ашылады Оның айтуынша, капсуланы орнату шарасы салтанатты жағдайда өтті. Оған Социалистік еңбек ері атағына ие азаматтар, өндіріс озаттары, мұнайшылар, ұстаздар мен №1, №4 және №5 мектептердің оқушылары шақырылды. Ұрпаққа арналған хатты №1 мектептің оқу озаттары Артур Камалиденов пен Марина Остапенко алдымен жиналған жұртқа оқып беріп, кейін капсулаға салған. Ақтауда болашақ ұрпаққа аманат етіліп, 50 жыл бұрын жазылған хат ашылады Басты сөздер: Маңғыстау облысы,


inform.kz