Негізгі бет  /  мақалалар  /  Актриса Айсұлу Әзімбаева шет елге көшіп кетті

Актриса Айсұлу Әзімбаева шет елге көшіп кетті

Айқын-ақпарат
608
Актриса Айсұлу Әзімбаева шет елге көшіп кетті Айсұлу Әзімбаева Үндістанның Ауровиль қаласына көшіп кеткен екен. Аталған қала Үнді мұхитына жақын орналасқан.

Айсұлу Әзімбаева өзінің инстаграм парақшасы арқылы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Ол Үндістанның Ауровиль қаласына көшіп кеткен екен. Аталған қала Үнді мұхитына жақын. Яғни актриса дәл қазір мұхиттың жағалауында тұрып жатыр.

Бірнеше ай бұрын актриса өзіне ота жасатып, шетелде денсаулығын қалпына келтірді. Мұнымен қатар, небәрі екі аптаның ішінде екі шыңды бағындырып үлгерді. Бірі – Алматы қаласында орналасса, екіншісі – Кавказдағы Эльбрус шыңы. Шыңды бағындыруға актриса велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевпен бірге барған.

Айсұлу жас та болса осы күнге дейін 30 шақты мемлекетке барғанын айтып мақтанады. Бойжеткеннің бұл әрекеті, расымен де, мақтануға тұрарлық. Енді міне ол Үнді мұхиты жағалауында демалуды жөн көріпті.

“Мен өзіме нәсіп етілген жердемін. Мұхиттың жанына көшіп бардым. Бұл жерде күн судан шығады. Әзірге Ауровиль қаласында тұрамын. Күн сайын намаскар жасап, би билеймін, мұхиттың даусымен ұйықтайтын боламын. Тек табиғи таза өнімдерді тұтынып, ойсыз-қамсыз күй кешемін”, – дейді Айсұлу.

stan.kz