Негізгі бет  /  мақалалар  /  Серік Ибрагимов сүйіктісіне ән арнады (видео)

Серік Ибрагимов сүйіктісіне ән арнады (видео)

Айқын-ақпарат
502
Серік Ибрагимов сүйіктісіне ән арнады (видео) Серік Ибрагимов пианиноның сүйемелдеуімен “Махаббатым” әнін орындады. Аталған әнді ол сүйіктісі, қазіргі келіншегі Айнамкөзге арнаған болатын.

Қазанның 6-сы күні Серік Ибрагимов сүйіктісі Айнамкөзді ұзатып алды. Бұдан кейін араға алты күн салып жігіт жақ ұлан-асыр той жасады. Жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге әріптестері мен достары, туған-туысқандары келді. Той қонақтарының саны 550-ге жетті.

Қос ғашықтың көңіл қосқанына 5 жыл уақыт толған екен. Жігіт-қыз болып жүргендеріне біраз болса да, бір-біріне деген сезімдері сол күйі. Бұған әншінің сүйіктісіне жасап жүрген романтикалық сыйлары дәлел. Ол “Махаббатым” әнін пианиноның сүйемелдеуімен орындап берді.

 

Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне риза болды. Арасында әншінің намаз оқуға бел буғанын айтып қалғандары да кездесті. Бұл Серіктің сақал қоюымен байланысты болса керек.

Стан.кз