Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ресей Сириядан әскерін әкетпек

Ресей Сириядан әскерін әкетпек

Айнұр Қазыкенова
1104
Ресей Сириядан әскерін әкетпек Ресей Сириядағы әскерін қысқартпақшы. Бұл жөнінде Владимир Путин Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездескен кезде мәлімдеді.

Өйткені   соңғы кезде  Түркия, Иран  және  Ресей арасындағы  келісім  бойынша  Сирия  жерінде ұрыс-жанжалды тоқтатуға  аз да  болса  қол  жеткізілген. Әзірге  Сирия  жерінде  мылтықтың үні  өшкен.  Тіпті  осы  үш ел  және қақтығысқа  қатысып  жатқан   топтар арасында  қаңтардың 26  күні  Астана  қаласында бейбіт келіссөз өтпек. Бірақ бұл кездесу қанды  қырғынға  нүкте  қоя  ала   ма? Мәселе  сонда. Дегенмен кездесудің  сәтті өтетініне   үміт  артқан Ресей,  Сирия  жерінде Башар  Асад  билігін қорғап,  лаңкестермен соғысып  жатқан  өз  әскерін шектемекші. Әсіресе  бұл ауыр соғыс  техникаларына байланысты. Үстінде  ондаған  жойғыш  ұшақтары мен   тік ұшақтары  бар  «Адмирал Кузнецов» және атомдық зымырандық крейсер «Петр Великий»  бастаған  кемелер тобы Жерорта  теңізін  тастап  Ресейге оралмақшы. Осы  кемелерде  орналасқан  ұшақтар  және алыстан ататын  зымырандар  арқылы лаңкестерге  соққы  берілген. Дегенмен көптеген  сарапшылар «Ресей Сириядағы әскерін  бекерден бекер шығарып  жатқан жоқ. Біріншіден, Ресейге  қарсы лаңкестердің әрекеттері көбейіп  кетті. Мұның артында «қанға  қан,  жанға  жан»  деген  ұран  жатқаны  мәлім.  Екіншіден, орасан  мол   әскери  техника мен  сарбаздарды  ұстап  тұру Ресейге  үлкен шығын әкелуде. Бір әскери  ұшақтың   бір  сағат аспанда  ұшуы  кем дегенде  20-50 мың  доллар  тұрады. Ал «Калибр»  сияқты  бір зымыранның құны  жарты  миллион  доллардан  астам. Әскерді азық-түлікпен,  оқ-дәрімен  қамту  оңай  емес. Техникаға  қаншама  жанар-жағармай  керек. Оның  бәрін   үш  теңіз асып  тасу  Ресейге  ауыр соғуда. Сондықтан  Сириядағы  оқ атпау  жөніндегі  бейбіт  келісімді  желеу еткен  Ресей   біраз  әскерін  кері  қайтаруға   мәжбүр болуда. Өйткені  ұзақ қақтығысқа  онсыз да   салынған санкция  мен  мұнай бағасының арзандауынан  әлсіреп  қалған  Ресей  экономикасы  шыдауы мүмкін емес»  дейді.  Бір ескерте  кететін  жайт, Сирия  президенті  Башар  Асадтың   «лаңкестермен  күресте  көмек беріңде»р  деген өтініші бойынша  Ресей  Сирия  жеріне  әскерін 2015  жылдың 30 қыркүйегінде  ресми түрде кіргізгені белгілі.